«Қалалық мәдениет және ұлттық болмыс» атты танымдық шара
2025 жылы 5 қарашада Дінтану және мәдениеттану кафедрасы №178 мамандандырылған лицейде «Сапалы білім беру» және «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» тұрақты даму мақсаттары аясында «Қалалық мәдениет және ұлттық болмыс» атты танымдық шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи қалалық мәдениет пен ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын талдап, интерактивті мультимедиялық көріністер мен деректі бейнероликтерді тамашалады. Қалалық өмірдің қарқынында мәдени сәйкестікті сақтау тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, жастар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениеттің сақталуын насихаттау, заманауи қалалық кеңістіктегі рухани құндылықтардың маңызын көрсету және мәдени бірегейлікті дамытуға жастарды тарту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: филол.ғ.к. қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., философия докторы (PhD) Каупенбаева С.М., мәдениеттану мамандығы 2-курс докторанты Жұбанышов А.Ш.
Басқа жаңалықтар