Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Көне сүйек технологиясы» бойынша алғашқы практикалық сабақ өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Көне сүйек технологиясы» бойынша алғашқы практикалық сабақ өтті

30 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Көне сүйек технологиясы» тақырыбындағы арнайы курстың алғашқы практикалық сабағы өтті. Сабақты Льеж университетінің және ZooStan зертханасының (CNRS–ҚазҰУ) қауымдастырылған зерттеушісі, PhD доктор Мальвина Боман жүргізді.

Практикалық сабақ барысында қатысушыларға жануар сүйектерін зооархеологиялық тұрғыдан қалай ажыратуға болатыны, олардың анатомиялық ерекшеліктері мен түрлік белгілері таныстырылды. Сонымен қатар, сүйек беттеріндегі өңдеу іздерін — кесу, қыру, тегістеу сияқты әрекеттердің нәтижелерін — трасологиялық әдістер арқылы қалай анықтауға болатыны үйретілді.

Сабаққа тарих факультетінің 1–4 курс студенттері белсенді қатысып, нақты үлгілермен жұмыс істеу арқылы сүйек материалдарын талдаудың ғылыми тәсілдерін меңгерді. Бұл тәжірибелік сабақ археологиялық деректерді интерпретациялауда сүйек құралдарының маңызын түсінуге бағытталған маңызды қадам болды.