Жат ағымнан сақтану тақырыбында дәріс өтті
Бүгін Тұрақты даму мақсаты Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар аясында Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы докторанттары қатысуымен Алматы қаласындағы №10 Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жат ағымнан сақтану тақырыбында лекция өткізілді.
Іс-шараға жас спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты. Лекцияның мақсаты – жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, радикалды идеялардың қауіптері туралы хабардар ету және қауіпсіз, бейбіт өмір салтын насихаттау.
Лекция барысында келесі мәселелер қаралды:
- Экстремистер және радикалдардың белгілері;
- Радикалды топтардың ықпалынан қорғану жолдары;
- Құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамға құрмет көрсету;
Дәріс барысында экстремистік әрекеттердің негізгі белгілері, радикалды ықпалдан қорғану тәсілдері, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы құқықтық сана-сезімнің маңызы талқыланды. Сонымен қатар спорт пен командалық жұмыс деструктивті идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру, жауапкершілік, тәртіп және өзара сыйластық тәрбиелеудегі маңызды фактор екендігі аталып өтті.
Іс-шара интерактивті форматта өтті, қатысушылар сұрақ қойып, өз ойларын білдіруге мүмкіндік алды. Бұл лекция өскелең ұрпаққа жауапкершілік, төзімділік және патриотизм қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылар: доцент Балтымова М. Р.; PhD доктор Аманқұл Т. О.;профессор Бегалинова К. К.;PhD докторант Ерімбет Р. Е.;PhD докторант Бекмуханбетов Н. Р.

Басқа жаңалықтар