- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Аль-Фараби апталығы» аясындағы дөңгелек үстел: «Аль-Фарабидің рационалды мемлекеттік басқару идеяларына сүйене отырып: Alatau City жобасын іске асырудың қаржылық және инвестициялық аспектілері»
«Аль-Фараби апталығы» аясындағы дөңгелек үстел: «Аль-Фарабидің рационалды мемлекеттік басқару идеяларына сүйене отырып: Alatau City жобасын іске асырудың қаржылық және инвестициялық аспектілері»
2025 жылғы 6 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің 201 конференц-залында «Аль-Фарабидің рационалды мемлекеттік басқару идеяларына сүйене отырып: Alatau City жобасын іске асырудың қаржылық және инвестициялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны «Қаржы және есеп» кафедрасы 7М04127 – «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарымен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел Аль-Фараби апталығы аясында өткізіліп, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) — ТДМ 4 «Сапалы білім беру» және ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсім» — қол жеткізуге бағытталды.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауына сәйкес, Әл-Фарабидің парасатты және әділ қоғам құру қағидаттарына сүйене отырып, «Алатау-Сити» жобасын іске асырудың қаржылық, инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін талқылау, мемлекеттік басқарудың тиімді тетіктерін іздеу және тұрақты даму идеяларын ілгерілету болды.
Іс-шараға философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының профессоры Алтаев Жақыпбек Алтайұлы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелінқызы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты, доцент, Әл-Фараби орталығының директоры Сүлейменов Пірімбек Мұханбетұлы сияқты жетекші ғалымдар мен фарабитанушылар шақырылды.
Қатысушылар мемлекеттік басқарудың тиімді механизмдері, әділдік пен тұрақты даму қағидаттары мәселелерін Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының контексінде талқылады. Іс-шараға әл-Фараби мұрасын зерттеушілер, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Сартова Рысты Бозманаевна болды.
Белсенді пікірталас барысында қатысушылар Әл-Фарабидің парасатты және әділ мемлекеттік басқару туралы идеялары қазіргі уақытта да өзектілігін жоғалтпағанын, әсіресе Alatau City сияқты ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында қаржылық және инвестициялық тетіктерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Басқа жаңалықтар