2025 жылдың қараша айының 7 жұлдызында шет тілдер кафедрасының оқутышылары Г.А.Оразаева мен М.Т. Жамалдинова университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру және жарияланған ЖИ жылы аясында “ЖИ және оның қазіргі жағдайы” атты дөңгелек үстел басында талқылас өткізді. Шараға Философия және Саясаттану, Биология, Заң, Химия факультеттердің студенттері және Италия, Милан; Түркия , Sabangy High School of Istambul; Малазия, ABE University of Koala Lumpur; ҚШАдан студенттер, оқутышы ЖИпен байланысты өз ойларымен бөлісті. ЖИтың маңызы зор екенін айтып сонымен қатар оны дұрыс пайдалану қажет екеніне көніл аударды. Студенттер ЖИ туралы презентация жасап адамның психологиясына әсері, жастарға қандай қатер барын айтса, заң факультетінің студенттері қоғам ЖИ пайдалануын заңмен қадағалауы туралы айтты. Генетика мамандығының студенттері ЖИ өз саласындағы артықшылары туралы, ал химия мамандары ЖИ пайдалана отырып берген мәлеметтерді тексеріп отыруды айтты.
Басқа жаңалықтар