ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ БІРЛІГІ АРТА ТҮСТІFarabi University

ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ БІРЛІГІ АРТА ТҮСТІ

4 қараша, 2025

ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ БІРЛІГІ АРТА ТҮСТІ

ТДМ-17 Бүгін, 04.11.2025 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да V Халықаралық Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы аясында Алматыға бауырлас елдерден келген меймандар Журналистика факультетінде болып әріптестік меморандумына қол қойысты.

Күні ертең ашылатын 10-шы Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалінің Қазақстандағы ашылуы қарсаңында Түркі әлемі журналистер федерациясының Бас Төрағасы Menderes Demir бастаған  Др. Сүлеймен Басa / Интернет және медиа ұйымның  төрағасы, Проф. Др. Айше Элиф Кая / Анкара Хажы Байрам Вели университеті Коммуникация факультетінің деканы, Проф. Др. Уфук Ердем /Анкара Хажы Байрам Вели  университеті Коммуникация факультетінің декан орынбасары,Йылмаз Каража / Түркия журналистер федерациясының төрағасы,Миляуша Айтуганова / Татарстан кинематографистер одағының мүшесі, Осман Дүйяр / Түркі дүниесі мәдениет, өнер және кино қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы ,Проф. Др. АСылхан Гүрхан Топчу / Мерсин университеті Коммуникация факультетінің ескі деканы,  Дерья Акбыйык / ТДЖФ басқарма мүшесі, Зоңғылдақ журналистер қауымдастығының төрағасы, Байрам Байраммұхаммедов / Түркі дүниесі деректі фильм фестивалінің шетелдік директоры, Рафет Улутүрік / Болгария түріктері өзара көмек көрсету қоғамының төрағасы – продюсер,Проф. Др. Ведат Чакыр / Селчук университеті, коммуникация факультетінің деканы, Проф. Др. Айтекін Жан / Селчук университетінің декан орынбасары, Проф. Др. Ахмет Яткын / Инөнү университеті, коммуникация факультетінің деканы,  Исмаил Кахраман / ТДЖФ басқарма мүшесі – Еуразия журналистер қауымдастығының төрағасы,Алихан Ербаш / ТДДФ техникалық жауаптысы – режиссер/продюсер,Фахри Хайри Чөләшан / ТДДФ фестиваль редакторы,Доцент Др. Бурак Түртен / Карабүк университетінің оқытушысы,Тимур Йылмаз / Амасия университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы,Муаззам Ибрагимова / Сценарист – Түркі дүниесі журналистер федерациясының Өзбекстандағы өкілі, Доцент Др. Локман Зор / UTDİSS редакторы, Нигде Өмер Халисдемир университетінің оқытушысы сынды мәртебелі меймандарды факультет деканы Әуесбайдың Қанаты және зам.декандар Неля Раушанова және Алтын Акынбекова және кафедра меңгерушілері Айгул Рамазан, Орынтай Ошанова, Aigerim Alzhanova лар қарсы алып, дөңгелек үстел басында бас қосты.

Алдағы уақытта журналистика, медиакоммуникация, кинодраматургия салалары бойынша бірлесіп әрекет ету жөнінде уағдаластық жасалды.

Шара соңында Қанат Әуесбайұлы барлық меймандарға ұлы ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің "Қайырымды қала" атты еңбегін сыйға таратты.

 

 Дәурен Мақсұтханұлы