«Холокост және адам тағдыры: әлем және қазақ әдебиетінде» атты дөңгелек үстел
Әдебиеттану мамандығының 4-курс студенттерімен Филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұстаздары ТДМ №4 бағыты бойынша Мекебаева Лейла, Оспанова Гүлмария, Шортанбаев Шоханның жетекшілігімен «Холокост және адам тағдыры: әлем және қазақ әдебиетінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі саналатын Холокост оқиғасының адам тағдырына әсерін түсіну, сондай-ақ бұл тақырыптың әлем және қазақ әдебиетіндегі көрінісін талдау болды.

Студенттер Холокост трагедиясының көркем әдебиеттегі бейнелену жолдарына тоқталып, әлем әдебиетіндегі соғыс тақырыбынан И.Э.Ремарк, Д. Хеллер, К. Воннегут сияқты қаламгерлердің шығармаларындағы адам тағдыры, соғыс пен зұлмат мәселесін талқылады. Сондай-ақ, әлем әдебиетіндегі және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына арналған туындыларды салыстыра қарап, адам тағдыры, азап пен үміт, рухани беріктік мәселелерін қозғады. Әсіресе Холокост трагедиясын сипаттаған жазушылардың идеялық ұстанымдары мен көркемдік тәсілдері талқыланды.

Тақырыпқа сай туденттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, шағын баяндамалар мен үзінділер ұсынды. Талқылау барысында адамгершілік, ізгілік, бейбіт өмірдің құндылығы және адам рухының мықтылығы жайлы тұшымды ойлар айтылды. Ерекше тақырыптағы дөңгелек үстел өте мазмұнды өтті. Студенттер өз ойларын еркін білдіріп, мысал ретінде әдеби шығармалардан үзінділер келтірді. Талқылау нәтижесінде қатысушылар адамгершілік пен бейбіт өмірдің маңыздылығына ерекше тоқталды. Дөңгелек үстел студенттердің тарихи және әдеби көзқарасын кеңейтіп, рухани құндылықтарды бағалауға, соғыс пен зұлматтың адам санасына әсерін түсінуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар