“Поэзия шыңы-даналық” атты ғылыми-семинарFarabi University

“Поэзия шыңы-даналық” атты ғылыми-семинар

7 қараша, 2025

ТДМ № 4 сапалы білім беру бағытында   филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценттері С. А. Қалқабаева мен Р.М. Әбдіқұлова «Қазақ филологиясы» 2 курс студенттеріне «Поэзия шыңы – даналық» тақырыбында қазақ поэзиясының құрылымдық, поэтикалық табиғатын теориялық-практикалық негізде танытып, түсінудіру мақсатында ашық ғылыми семинар өткізді. Кафедра ұстаздары ғылыми-семинарда өлең қүрылысына, қазақ өлеңінің жанрлық түрлеріне қатысты мол түсінік беріп өтті. Поэзия өнерінің дара сипатын, қазіргі поэзияның модификациялану үдерісін таныту мақсатында ашық семинарға танымал ақындар Әлібек Шегебай мен Бекжан Әшірбаевтың арнайы шақырумен қатысуы, олардың ақындық өнер туралы студенттермен ой бөлісіп, өз өлеңдерін оқуы студенттердің қызығушылығын арттырды. Студенттер де өз ойларын ортаға салды, поэзия хақында тағлымды диалогтар өрбіді. Студенттер де  өлеңдерін оқып, ақындық өнерге деген ынта, талаптарын байқатты. Әрі ғылыми, әрі әдеби-поэтикалық тағлымы мол семинар студенттер танымын байытуды көздегені анық.