ТДМ 13. Климаттық өзгерістермен күрес
География факультетінің метеорология мамандығы оқитын 1-курс студенттері «Климаттық өзгерістермен күрес» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ жаһандық температураның көтерілуіне, ауа райының өзгеруіне және табиғи апаттардың жиілігінің артуына байланысты жаһандық экологиялық мәселелерге арналды.
Сабақ барысында студенттер топтарға бөлініп, климаттың өзгеруінің себептері мен салдары бойынша дайындаған шағын жобаларын ұсынды. Олар парниктік газдар шығарындыларының атмосфераға әсерін, сондай-ақ мұздықтардың еруі мен теңіз деңгейінің көтерілуінің салдарын зерттеді.
Қатысушылар климаттың өзгеруіндегі адамдардың рөліне және тұрақты энергия көздеріне көшу қажеттілігіне назар аударды. Студенттер көміртегі ізін азайту бойынша практикалық шараларды ұсынды, соның ішінде қоғамдық көлікті пайдалану, пластик қалдықтарын азайту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, т.б.
Сабақ ақпараттық және өзекті тақырыпта болды. Бұл студенттерге климаттың өзгеруіне қарсы күрес тек жаһандық міндет қана емес, сонымен қатар жеріміздің болашағы үшін әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін түсінуге көмектесті.
Оқытушы: Т.К. Амантай
Басқа жаңалықтар