ЭжБЖМ-де «Әл-Фараби даналығы» атты интеллектуалды ойын өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Әл-Фараби апталығы аясында «Әл-Фараби даналығы» атты дөңгелек үстел мен студенттер арасындағы интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері туралы білімін арттыру, оның философиялық және ғылыми идеяларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ шығармашылық пен логикалық ойлау қабілетін дамыту болды.
Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар әл-Фарабидің еңбектеріне арналған сұрақтарға жауап беріп, «ЖИ және Әл-Фараби» атты арнайы бөлімде жасанды интеллект көмегімен ойшылдың бейнесін және оның даналық сөздерін ұсынды.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
1 орын – «Қаржы және есеп» кафедрасы, «ҚаржыК1» мамандығының 4 курс студенттері:
Алтыбай Жансая, Даулетбаева Нуршат, Есімбеков Жаһан
2 орын – «Экономика» кафедрасы, «Цифрлық экономика» мамандығының 4 курс студенттері:
Беркін Дильназ, Дархан Элеонора, Смагул Жандос
3 орын – «Менеджмент» кафедрасы, «Менеджмент К1» мамандығының 3 курс студенттері:
Әнуарбеков Әкежан, Жакупов Ақылжан, Темірханова Айжан
Сонымен қатар ойынға белсенді қатысқан студенттер:
- «Қаржы К1» мамандығының 4 курс студенттері: Қалтаева Аяна, Сағымбай Аяжан, Оқас Ақжол
- «Маркетинг» мамандығының 4 курс студенттері: Амангалиева Ақгүл, Оразғазы Адия
- «Менеджмент К2» мамандығының 3 курс студенттері: Батыралы Көркемай, Бүркіт Шапағат, Утаева Ақтілек
Іс-шара студенттердің әл-Фараби мұрасына деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар