ЭжБЖМ-де «Әл-Фараби даналығы» атты интеллектуалды ойын өттіFarabi University

ЭжБЖМ-де «Әл-Фараби даналығы» атты интеллектуалды ойын өтті

10 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Әл-Фараби апталығы аясында «Әл-Фараби даналығы» атты дөңгелек үстел мен студенттер арасындағы интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері туралы білімін арттыру, оның философиялық және ғылыми идеяларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ шығармашылық пен логикалық ойлау қабілетін дамыту болды.

Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар әл-Фарабидің еңбектеріне арналған сұрақтарға жауап беріп, «ЖИ және Әл-Фараби» атты арнайы бөлімде жасанды интеллект көмегімен ойшылдың бейнесін және оның даналық сөздерін ұсынды.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:

1 орын – «Қаржы және есеп» кафедрасы, «ҚаржыК1» мамандығының 4 курс студенттері:

Алтыбай Жансая, Даулетбаева Нуршат, Есімбеков Жаһан

2 орын – «Экономика» кафедрасы, «Цифрлық экономика» мамандығының 4 курс студенттері:

Беркін Дильназ, Дархан Элеонора, Смагул Жандос

 3 орын – «Менеджмент» кафедрасы, «Менеджмент К1» мамандығының 3 курс студенттері:

Әнуарбеков Әкежан, Жакупов Ақылжан, Темірханова Айжан

Сонымен қатар ойынға белсенді қатысқан студенттер:

  • «Қаржы К1» мамандығының 4 курс студенттері: Қалтаева Аяна, Сағымбай Аяжан, Оқас Ақжол
  • «Маркетинг» мамандығының 4 курс студенттері: Амангалиева Ақгүл, Оразғазы Адия
  • «Менеджмент К2» мамандығының 3 курс студенттері: Батыралы Көркемай, Бүркіт Шапағат, Утаева Ақтілек

Іс-шара студенттердің әл-Фараби мұрасына деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.