АҚШ-тың Massachusetts Institute of Technology (MIT) профессоры Харви Ф. Лодиш жаңа биотехнологияларды құру тәжірибесімен бөлістіFarabi University

АҚШ-тың Massachusetts Institute of Technology (MIT) профессоры Харви Ф. Лодиш жаңа биотехнологияларды құру тәжірибесімен бөлісті

30 қазан, 2025

 

2025 жылдың 29 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде АҚШ-тың Massachusetts Institute of Technology (MIT) профессоры, биотехнология саласының көрнекті өкілі Харви Ф. Лодиш «Ауруларды емдеуге арналған жаңа технологиялар мен табысты биотехнологиялық компанияларды құру: жеке тарих» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді.

Іс-шараға биология және биотехнология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Профессор Лодиш өз баяндамасында ғылыми университеттер, клиникалық орталықтар, бизнес құрылымдар, инвестициялық қорлар мен мемлекеттік институттардың өзара тығыз байланысының биотехнология дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар, ол әлемге әйгілі Genzyme, Tevard және Cerberus компанияларының құрылу тарихымен бөлісіп, студенттерді инновациялық идеяларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлікке батыл қадам жасауға шақырды.

Сұрақ-жауап форматында өткен дәріс қатысушыларға мол мотивация сыйлап, ғылым мен инновацияның бірлігін терең түсінуге мүмкіндік берді. Бұл кездесу университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға және халықаралық әріптестікті дамытуға елеулі үлес қосты.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы