«AI-Guided Career: Оқушыдан маманға дейінгі жол» семинарыFarabi University

«AI-Guided Career: Оқушыдан маманға дейінгі жол» семинары

3 қараша, 2025

ТДМ (4) – Сапалы білім беру 📚

ТДМ (17) – Мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік 🤝

Бүгін Мемлекет пен құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен Алматы қаласының мектептерінің кәсіби бағдар беру мамандарына арналған «AI-Guided Career: Оқушыдан маманға дейінгі жол» атты көрмеге белсенді қатысты. 🎓

Іс-шара барысында кафедрамыздың қызметімен, оқу бағдарламаларымен және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырдық. 💼✨

Келген қонақтар мен қатысушыларға кафедра атынан естелік сыйлықтар — кәдесыйлар табысталды. 🎁

Осындай іс-шаралар арқылы біз жастарға кәсіби бағдар беріп қана қоймай, құқықтық мәдениетті нығайтуға, әділ және тұрақты қоғам қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз. Сонымен қатар, серіктестік пен өзара қолдасудың маңыздылығын арттырып, бірлесе әрекет ету арқылы ортақ мақсаттарға жетуді көздейміз! ⚖️💙

✨ Болашақ бітіруші түлектерге үндеу:

Өз болашағыңызды жарқын білім мен мықты іргетастан бастаңыз!

Баршаңызды өз қарашаңырағымыз — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасына оқуға түсуге шақырамыз! 🎓

Біздің кафедра – құқық саласында терең білім алып, кәсіби биікке жетудің сенімді жолы! 💫

"Мемлекет пен құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы