Студенттер ЦУР-15 аясында Ботаникалық баққа барды
ҚазҰУ Заң факультетінің студенттері ТДМ-15 аясында қалалық ботаникалық баққа барды.
БҰҰ ТДМ-15 іске асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің 133-топ студенттері осы топ кураторы, аға оқытушы Д.А. Бакировтың жетекшілігімен Алматы қалалық ботаникалық бағына танымдық экскурсия жасады.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экожүйелерді қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды құқықтық реттеу мәселелері бойынша білімдерін тереңдету.
Ботаникалық бақта студенттер әртүрлі өсімдік түрлерімен, олардың экологиялық маңыздылығымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнымен танысты.
Экскурсия барысында жүргізілген талқылаулар студенттердің ТДМ-15 шеңберіндегі өзекті мәселелерді түсініп, табиғатты қорғауға құқықтық көзқараспен қарауға үйренуіне ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар