Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасында 4-ші Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім беру» бойынша дөңгелек үстел өтті.Farabi University

Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасында 4-ші Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім беру» бойынша дөңгелек үстел өтті.

3 қараша, 2025

2025 жылдың 3 қарашасында Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасында дөңгелек үстел өтті. Оны «8D10102 - Медицина» мамандығы бойынша бірінші курс докторанттары Ж.А. Қалиев және А.А. Байкенжеева (жетекші-эдвайзер - аға оқытушы Балмуханова А.М.) ұйымдастырды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда 4-ші Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім беру» бойынша бірқатар іс-шаралардың бөлігі болды.

Қатысушылар сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, сауаттылықты арттыру және азаматтар арасында әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың негізгі мәселелерін талқылады. Инклюзивті және тұрақты білім беру ортасын құрудағы мемлекет пен білім беру ұйымдарының рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның соңында білім беру үдерісіндегі инновациялық технологияларды дамыту, цифрлық сауаттылықты кеңейту және мамандарды сапалы даярлауға ықпал ететін заманауи білім беру құралдарын енгізу бойынша пікірталас өтті.

Дөңгелек үстел жас зерттеушілердің жаһандық білім беру міндеттерін талқылауға және медицина мен денсаулық сақтау саласындағы практикалық шешімдерді дамытуға белсенді қатысуының маңызын атап көрсетті.