«Үздік студент» байқауынан факультет студенті жеңіспен оралдыFarabi University

«Үздік студент» байқауынан факультет студенті жеңіспен оралды

11 қараша, 2025

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің үшінші курс студенті Раим Уразаев «Білім-Өркениеті» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырған, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры А.К. Жолдубаеваның академиялық жетекшілігімен өткен ұлттық «Үздік студент» байқауына қатысты. Ол бірінші орынды жеңіп алып, бірінші дәрежелі диплом мен медальға ие болды!

Бұл жетістік студенттің адалдығының, еңбекқорлығының және академиялық қызығушылығының лайықты нәтижесі, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті ұсынған жоғары деңгейдегі дайындықтың дәлелі.

Байқауды ұйымдастырғаны және талантты жастарды қолдағаны үшін «Білім-Өркениети» ұлттық инновациялық зерттеу орталығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Студент пен оның жетекшісін лайықты жеңісімен құттықтаймыз