- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздік тәжірибесі. «Электрондық үкімет» үлгісі" атты ашық сабақ
"Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздік тәжірибесі. «Электрондық үкімет» үлгісі" атты ашық сабақ
Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының 👩🏻🏫 аға оқытушысы Ахмед Г.Ж. және АҚЖ-2201 тобымен бірлескен ашық сабағын өтті!
🧩Пән: Ақпараттық қауіпсіздіктің нормативті-құқықтық қамтамасыздандыруы
📋Тақырыбы: "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздік тәжірибесі. «Электрондық үкімет» үлгісі"
🎯 Сабақ мақсатың мақсаты: Студенттерге мемлекеттік және жекеменшік секторларда ақпараттық қауіпсіздіктің қалай ұйымдастырылатынын түсіндіру және «Электрондық үкімет» (eGov) инфрақұрылымындағы қауіпсіздік механизмдерін талдау.
👩🏻🏫 Оқытушы силлабусқа сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздіктің ұйымдастырылуын түсіндірді, айырмашылықтарын салыстырмалы талдау арқылы көрсетті. «Электрондық үкімет» жүйесінің қызмет ету принциптері, құрылымы және ақпараттық қауіпсіздікке аттестаттау әдістемесі бойынша нормативтік құжаттар мысалға алынып талданды. Сабақ барысында аттестаттау кезеңдері (жүйені талдау, техникалық құжаттарды тексеру, осалдықтарды сканерлеу) және негізгі терминдер (ақпараттық актив, аутентификация, қауіпсіздік саясаты, криптографиялық қорғаныс) түсіндірілді. Практикалық бөлімде студенттер eGov қауіпсіздік моделін нақты жағдайға қолданып, тәуекелдерді анықтау тапсырмасын орындады.
📌Сабақта «Электрондық үкімет» және ақпараттық қауіпсіздікке аттестаттау әдістемесі (№51/НҚ бұйрық) қарастырылды. Бұл құжат мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, соның ішінде eGov платформасы мен интернет-ресурстарды ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау тәртібін реттейтіні түсіндірілді . Сабақ барысында аттестаттау кезеңдері — жүйе құрылымын алдын ала талдау, техникалық құжаттарды тексеру және инфрақұрылымдағы осалдықтарды сканерлеу процестері көрсетілді . Сондай-ақ әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдармен таныстық: ақпараттық актив, аутентификация, ақпараттық қауіпсіздік саясаты, криптографиялық қорғау құралдары сияқты терминдер түсіндірілді . Бұл материал студенттерге eGov жүйелерінде қауіпсіздік талаптарының қалай орындалатынын нақты құжат негізінде көруге мүмкіндік берді.
💻Практикалық маңыздылығы: студенттерге нақты ұйымдарда ақпаратты қорғау талаптарын дұрыс қолдануға және электрондық ақпараттық жүйелер аттестатталуы және қауіпсіздік нормаларына сай жұмыс жасауда маңызды.
Ашық сабаққа қатысқан: аға оқытушы Байсылбаева Қ.Д.
🗓️Өткізілген күні: 29.10.2025 , сағат 11:00-11:50, 515 ауд.
Басқа жаңалықтар