«Теңсіздікті азайту: әділ және инклюзивті қоғам құрудағы жастардың рөлі»Farabi University

«Теңсіздікті азайту: әділ және инклюзивті қоғам құрудағы жастардың рөлі»

10 қараша, 2025

2025 жылдың 11 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Оңғарбаева М.С. №17 студенттер үйінде Тұрақты даму мақсаты №10 – «Теңсіздікті азайту» тақырыбы аясында тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шараға Филология факультетінің «6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» және «6B02305 – Қазақ филологиясы» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің әлеуметтік әділдік, тең мүмкіндік және инклюзивті қоғам құрудағы жеке жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Әр адам лайықты өмір сүруге және дамуға құқылы екені атап өтілді.

Талқылау барысында қатысушылар ТДМ 10-ның басты міндеттерімен танысты, олардың қатарында:

— ел ішіндегі және елдер арасындағы әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті азайту;

— білімге, еңбекке және денсаулық сақтауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

— мүмкіндігі шектеулі жандарды, мигранттар мен әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау;

— инклюзия, төзімділік және әлеуметтік бірлік қағидаттарын дамыту.

Іс-шара барысында студенттер Оңғарбай П.Ж. және Орал А.Б. тақырыптық презентация дайындап, ал Советхан Д.Е. ТДМ 10-ға арналған бейнеролик көрсетті. Онда Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру және азаматтарға тең мүмкіндік беру саясатына ерекше назар аударылды.

Студенттер белсенділік танытып, қазіргі қоғамдағы теңсіздік түрлері туралы өз ойларымен бөлісіп, оны шешудің түрлі жолдарын ұсынды. Олар волонтерлік және қайырымдылық жобаларға қатысу, жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамалар құрудың маңызын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер теңсіздікті азайту – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін атап өтті, өйткені әділ әрі тұрақты болашақтың негізін дәл жастар қалайды.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
аға оқытушы Оңғарбаева М.С.