- Басты бет
- Жаңалықтар
- АҚШ-тың MIT институтының жетекші ғалымы Майя Миталипованың ҚазҰУ-дағы көшбасшылық дәрісі: Бағаналы жасушалар, Альцгеймер ауруы және биомедицинаның ғылыми көкжиектері
АҚШ-тың MIT институтының жетекші ғалымы Майя Миталипованың ҚазҰУ-дағы көшбасшылық дәрісі: Бағаналы жасушалар, Альцгеймер ауруы және биомедицинаның ғылыми көкжиектері
2025 жылдың 12 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Уайтхед биомедициналық зерттеулер институтының «Адамның бағаналы жасушалары» зертханасының директоры, әлемге әйгілі биомедицина саласының зерттеушісі, PhD Майя (Майсам) Миталипова көшбасшылық дәріс оқыды.

Дәріс «Изогенді және өздігінен ұйымдасатын гематоэнцефаликалық тосқауыл моделі: Альцгеймер ауруындағы тамырлық дисрегуляцияны зерттеу» тақырыбында өтті. Дәріс барысында ғалым өзінің ғылыми жолы, әлемдік биомедициналық орталықтардағы тәжірибесі және адамның бағаналы жасушаларын қолдану арқылы нейродегенеративті ауруларды модельдеудің маңыздылығы туралы кеңінен баяндады.
Доктор Миталипова Майя 1995 жылы МҒРА Медициналық генетика институтында «Ірі қара малдың және тышқанның эмбриондық бағаналы жасушаларының in vitro және in vivo дамуына әсер ететін факторлары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1996 жылдан 2001 жылға дейін Висконсин-Мэдисон университетінің Жануарлар ғылымы бөлімінде постдокторантура бөлімінде білім алды. Ол Висконсин–Мэдисон университетінде профессор Нил Фёрстің жетекшілігімен эмбриология мен соматикалық жасушаларды клонирдау бағытында ғылыми зерттеулер жүргізіп, BresaGen Inc. компаниясында (АҚШ) федералды қаржыландыру нәтижесінде алғаш рет адамның эмбриондық бағаналы жасуша линияларын алған әлемдік деңгейдегі ғалым ретінде танылды. жанындағы Whitehead институтында профессор Рудольф Йенишпен бірге адам эмбриондық және индукцияланған плюрипотентті (iPS) жасушалары негізінде көптеген ауру модельдерін әзірлеуге үлес қосып келеді. 2007–2015 жылдары 20-дан астам эмбриондық бағаналы жасуша линияларын, ал, 2009 жылдан бастап емделушілер мен донорлардан 100 астам iPS-жасуша линияларын қайта өзгертулер енгізу арқылы (перепрограммирование), генетикалық ауруларды зерттеу мен жаңа терапиялық стратегияларды зерттеуге арналған бірегей модельдер әзірледі.
Оның 8500-ден астам дәйексөздері бар Scopus-та жарияланған 40 мақаласы бар. Scopus h-index – 26. Ол 2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық эмбриондық қоғам жиналысының Эмбриондық бағаналы жасушалары бөлімінің аға редакторы болды. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол Cell баспасы жариялайтын халықаралық қолжетімді Star Protocols ашық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі болып табылады. Оның жетекшілігімен Уайтхед институты Альцгеймер, Паркинсон және Ретт синдромының молекулалық механизмдерін зерттеуге мүмкіндік беретін бағаналы жасушаларының үлгілері әзірленді.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен көшбасшылық дәрісінде Альцгеймер және Паркинсон ауруларының тамырлық және жасушалық ерекшеліктері, гематоэнцефаликалық барьердің бұзылуы, өздігінен ұйымдасатын 3D модельдердің рөлі және заманауи биомедицинаның клиникалық мүмкіндіктері талқыланды. Дәріс университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға, халықаралық серіктестікті нығайтуға және жас зерттеушілерге әлемдік деңгейдегі білім мен тәжірибе алуына зор мүмкіндік береді. Бұл іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаты 3 – «Мықты денсаулық және әл-ауқат» аясында өтті.
Көшбасшылық дәріс молекулалық биология және генетика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Басқа жаңалықтар