Ашық сабақ – «Мамандықтар және экономикалық өсімнің өзара байланысы»Farabi University

Ашық сабақ – «Мамандықтар және экономикалық өсімнің өзара байланысы»

3 қараша, 2025

ТДМ 8 – «Тұрақты, инклюзивті және орнықты экономикалық өсуді, толық және өнімді жұмыспен қамтуды және барлығына лайықты еңбекті ілгерілету» аясында

Ашық сабақ – «Мамандықтар және экономикалық өсімнің өзара байланысы»
Іс-шараның мақсаты – студенттердің еңбек құндылығын, кәсіби дамудың қоғам мен экономикалық өсімге әсерін терең түсінуіне ықпал ету.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен куратор Кудайбергенов Амир Айдынұлының бастамасымен 2-курс студенттері (202-топ) мен оқытушылардың қатысуымен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында студенттер түрлі мамандықтардың рөлін тәжірибе жүзінде бейнелеп, әр кәсіптің тұрақты экономикалық даму мен қоғамдағы еңбек мәдениетіне қосатын үлесін талқылады.