Кураторлық сағат – «Ата-анадан хат»
1 қараша, 2025
ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» аясында кураторлық сағат – «Ата-анадан хат»
Іс-шараның мақсаты – студенттердің тұлғалық және рухани дамуын қолдау, оқу мотивациясын арттыру.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен (111-топ) куратор Кудайбергенов Амир Айдынұлының жетекшілігімен кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге ата-аналарының жылы лебіздері мен қолдау сөздері жазылған хаттар табысталды. Бұл бастама жастардың рухани байытуына және оқу үдерісіне оң көзқарас қалыптастыруға бағытталды.