13 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН КҮРЕСУДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІFarabi University

13 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН КҮРЕСУДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ

5 қараша, 2025

2025 жылы 5 қарашада орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Қайырбек М.Н. «Экология» мамандығының 1-курс студенттерімен бірге «Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаты аясында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның модераторы Қайырбек М.Н. экологиялық білімнің маңыздылығын және студенттерде қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында 1-курс студенттері өздерінің зерттеу баяндамалары мен презентацияларын ұсынды. Олар келесі өзекті тақырыптарды қамтыды:

• Климаттың өзгеруінің Қазақстан биоалуантүрлілігіне әсері;

• Көміртек шығарындыларын азайтудағы жаңартылатын энергия көздерінің рөлі;

• Қалалардың климаттың өзгеруіне бейімделу жолдары;

• Тұрақты болашақты қалыптастырудағы экологиялық білімнің маңызы.

Әрбір баяндама белсенді талқылаумен жалғасып, студенттер қоғамның экологиялық сауаттылығын арттыру бойынша өз ойларын, пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды. Жас қатысушылар тұрақты дамудың бастауы – жеке экологиялық мәдениет, саналы тұтыну және табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарау керек екенін атап өтті.

Іс-шара қызу пікір алмасу мен қызығушылық ахуалда өтті. Мұндай бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға, сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға және табиғи тепе-теңдікті сақтау жолындағы жеке жауапкершілігін түсінуге ықпал етеді.

Қайырбек М.Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ