«Сүйікті менің періштем» спектакліне баруFarabi University

«Сүйікті менің періштем» спектакліне бару

31 қазан, 2025

Қазан айының соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті Саньярова Н.С. физика-техникалық факультетінің ЯИ-213 және ТЭ-143 топтарының студенттерімен бірге режиссер Әлімбек Оразбеков қойған «Сүйікті менің періштем» («Мой любимый ангел») спектаклін тамашалады. Қойылым ағылшын драматургы Бернард Шоудың әйгілі «Пигмалион» пьесасының негізінде сахналанған.

          Спектакль студенттерге арналған танымал «Concordia» театрында өтті. Бұл театр өзінің еркін атмосферасымен, қолжетімді бағаларымен және әрдайым толы залымен, жастар аудиториясының ықыласымен белгілі.

         Пьесаның негізгі идеясы – кез келген адамның, тіпті қарапайым халық арасынан шыққан жанның да, егер ол білімге ұмтылса және табандылық танытса, рухани өсіп, білімді, зиялы тұлғаға айнала алатынын көрсету. Бұл ой басты кейіпкер – сауатсыз гүл сатушы Элизаның тағдырында айқын көрініс тапқан. Ол білім алу арқылы сыпайы, мәдениетті, білімді ханымға айналады.

         Қойылым әсерлілігімен, эмоцияға толылығымен және нәзік юмормен ерекшеленді. Комедиялық көріністер актерлердің шебер ойыны арқылы көрермендердің ыстық ықыласын тудырды.

         Спектакльден кейін студенттер көрген қойылымды сабақ барысында талқылап, өз ойларымен бөлісті. Барлығы бір қорытындыға келді: адамның өмірі мен болашағы өз қолында. Сәттілікке жету үшін мақсатқа ұмтылу, кәсіби тұрғыда өсу, қиындықтардан қорықпау және өз күшіне сену қажет.