ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау».
2025 жылдың 6 қарашасында аға оқытушы Базарбаева А.С. жетекшілігімен биология факультетінің 1-курс студенттері (11-топ) Тұрақты даму мақсаты 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбы бойынша іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – бірінші курс студенттерінде қоршаған ортаның күрделі жағдайын түсіну және табиғаттың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін шұғыл шаралар қабылдаудың маңыздылығын қалыптастыру болды.
Болашақ биолог-студенттер аталған іс-шараға қоршаған орта флорасы мен фаунасының апатты жағдайына әкелген себептер туралы баяндама дайындады. Баяндамаларды талқылау өз көзқарасын дәлелдеуге және қорғауға мүмкіндік беретін ПОПС формуласы форматында жүргізілді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар туралы жасалған кластерлер туған жер табиғатының апатты жағдайының ауқымын айқын көрсетті.
Бұл іс-шара Қазақстандағы биологиялық әртүрлілік мәселелеріне деген студенттердің шынайы қызығушылығын тудырып, қалыптасқан жағдайды шешу жолдарын іздеуге шабыттандырды.
Басқа жаңалықтар