Алматы қаласының заманауи өнер мұражайына экскурсиялық сабақ
13 қарашада Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы Әділбай Б.С. жетекшілігімен «Almaty museum of Arts» мұражайында «Туристік-экскурсиялық іс-әрекеттегі мұражайлар» пәнінен оқу бағдарламасына сәйкес аудиториядан тыс сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында студенттер мұражай экспозициясымен танысып, экскурсия жүргізудің ұйымдастыру ерекшеліктерін, экспонаттарды күнделікті экскурсия барысында тиімді көрсету әдістерін зерделеп, мұражайлардың туризм индустриясындағы жалпы рөлі жайлы ақпараттар алды.
Оқытушы Әділбай Б.С. ұйымдастырған аудиториядан тыс сабақтың мақсаты — теориялық білімді іс-тәжірибемен ұштастырып, студенттерге экскурсия жүргізуде сенімді және кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
Кафедра оқытушылары тарапынан мұндай аудиториядан тыс сабақтар жиі ұйымдастырылады және олар студенттердің біліктілігін арттыруға, туризм саласындағы нақты жұмыс үрдісін түсінуге үлкен мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар