- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының стресске реакциясының молекулалық механизмдері: кафедрадағы ғылыми пікірталас
Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының стресске реакциясының молекулалық механизмдері: кафедрадағы ғылыми пікірталас
2025 жылдың 13 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде молекулалық биология және генетика кафедрасының доценті А.И. Жүсіпова «Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының стресске реакциясының молекулалық механизмдері» тақырыбында ғылыми пікірталас өткізді. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – 2 «Аштықсыз әлем» бағыты аясында ұйымдастырылды.
Пікірталас барысында қатысушылар стресс жағдайларының (температура, құрғақшылық, токсиндер, патогендер және т.б.) жасушалар деңгейіндегі әсері, олардың молекулалық жауап механизмі, адаптация және қорғаныс стратегиялары жөнінде құнды ақпарат алды. Әсіресе, өсімдік жасушаларының қорғаныс гендерінің белсенуі және жануар жасушаларындағы сигналдық жолдардың (MAPK, NF-κB және т.б.) рөлі туралы мәселелер терең талқыланды.
Студенттер өз сұрақтарын қойып, биологиялық жүйелердің төзімділігін арттыруға бағытталған заманауи зерттеулер жайында пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар жас ғалымдардың ғылыми көзқарасын кеңейтіп, күрделі молекулалық процестерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Пікірталас молекулалық биология саласын терең меңгеруге қызығушылықты арттырып, кафедраның ғылыми-оқытушылық әлеуетін нығайта түсті.
Басқа жаңалықтар