«Жаңа Қазақстандағы заң және тәртіп» тақырыбында оқу семинарыFarabi University

«Жаңа Қазақстандағы заң және тәртіп» тақырыбында оқу семинары

13 қараша, 2025

Қазақстанда «Заң және тәртіп» жобасы аясында іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл жоба азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған цифрлық сервистерді іске қосуды, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ағартушылық қызметті қамтиды. Жобаның мақсаты – құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Осыған байланысты заң факультетінде БҰҰ-ның 4, 16 және 17 тұрақты даму мақсаттары аясында студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі ретінде 2025 жылғы 13 қарашада ІІМ академиясындағы серіктестеріміздің қатысуымен заң факультетінің түлектері үшін «Жаңа Қазақстандағы заң және тәртіп» тақырыбында оқу семинары өткізілді.


Іс-шараның спикерлері – полиция подполковнигі, М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының бастығы Рашида Тұрсынқызы Қадырова және осы кафедраның аға оқытушысы, полиция капитаны Ержан Сарсенұлы Савдабаев болды. Олар киберқауіпсіздік бойынша шеберлік сабағын өткізіп, Қазақстандағы жаңа киберқұқықбұзушылық түрлері мен қазіргі кезеңдегі халықты қорғау тәсілдерін таныстырды. Сондай-ақ іс-шараға ҚР ІІМ Алматы академиясының адъюнктары қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: заң ғылымдарының докторы, доцент, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Н.Х. Қалышева, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың «Әділетті құқық» мүшелері – Б. Жақитов, А. Қуандықов және С. Әрезимова.
Іске қосылған жаңа «Заң және тәртіп» цифрлық сервисі азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы