Жастар және құқықтық мәдениетFarabi University

Жастар және құқықтық мәдениет

14 қараша, 2025

2025 жылдың 14 қарашасында Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы А.С. Есенаманова «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Жастар және құқықтық мәдениет» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстандағы қазіргі жастардың құқықтық сауаттылығы, азаматтық жауапкершілік, тұлғалық мәдениет және құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолдану мәселелері талқыланды. Студенттерге құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі, оның жастар арасындағы құқықтық тәртіпке оң ықпалы туралы түсіндіріліп, түрлі жағдаяттық мысалдар мен практикалық кейстер ұсынылды.

Сонымен қатар, кездесуде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік, интернеттегі жауапкершілік, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген мәдени-этикалық нормаларды сақтау жөнінде пікір алмасу өтті. Студенттер өз сұрақтарын қойып, құқықтық мәдениетті дамытуға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Кураторлық сағат ашық диалог форматында өтіп, болашақ мамандардың құқықтық санасын қалыптастыруға және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды.