- Басты бет
- Жаңалықтар
- Зоология, гистология және цитология кафедрасының Республика күніне орайластырылған салтанатты ашылуы
Зоология, гистология және цитология кафедрасының Республика күніне орайластырылған салтанатты ашылуы
2025 жылғы 23 қазан күні Биология және биотехнология факультетінің қабырғаларында Республика күніне орай Зоология, гистология және цитология жаңа кафедрасының салтанатты ашылуы өтті.
Кафедра 2025 жылғы 1 қыркүйекте университет ректоры Ж.Қ. Туймебаевтың бұйрығымен ресми түрде құрылған және биоалуантүрлілік пен биоресурстар кафедрасының қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде қалыптасты. Оның құрылуы зоология және оған қатысты пәндер бойынша мамандар даярлауды күшейту қажеттігімен негізделген.
Жаңа құрылым академиялық дәстүрге сүйенеді: алғашқы зоология кафедрасы 1934 жылғы 23 қаңтарда ұйымдастырылған және 90 жыл ішінде өзінің құрылымын және даярлау бағыттарын бірнеше рет жаңартқан. 2011 жылы ол ботаника кафедрасымен біріктіріліп, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы құрылған, және ол 14 жыл бойы факультеттің ірі бөлімдерінің бірі болған.
Алайда елде жоғары білікті зоологтарға сұраныстың артуы және ғылыми қоғамдастықтың белсенді ұстанымы өз алдына бөлек кафедраны қалпына келтіру туралы шешім қабылдауға алып келді. Инициативаны Зоология институтының қызметкерлері, оқытушылар, түлектер және ғылыми-өндірістік сектор өкілдері қолдады.
Кафедраның ашылуы мерекелік атмосферада өтті. Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Галеева Алина Құлбаевна құттықтау сөз сөйлеп, зоология, гистология және цитологияның ғылыми бағыттар ретінде дамуының маңыздылығын атап өтті.
Факультеттің деканы ғылыми мектептің сабақтастығын көрсетті және жаңа кафедра университеттегі ғылыми инновациялар орталықтарының біріне айналады деген сенімін білдірді. Қазіргі уақытта мұнда студенттер, магистранттар және докторанттар сәтті білім алуда, кафедра ұжымы айтарлықтай ғылыми әлеуетке ие.
Шараға кафедра ардагерлері, әр жылдардағы түлектер, университет қызметкерлері, студенттер және ғылыми ұйымдар өкілдері қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында:
-
Нұрлан Еркебуланович Смагулов — 1990 жылғы түлек, кәсіпкер және меценат;
-
Жұмалиев Қажым Махамбетович — кафедра түлегі, «Табиғат» Республикалық аңшылар қауымдастығының президенті;
-
Қапанов Адам Адамбекович — түлек, кәсіпкер;
-
Салина Роза Минайдаровна — кафедра ардагері, оның тарихы хроникасының авторы;
-
Зоология институтының өкілдері, оның ішінде директордың орынбасары Марина Александровна Чирикова, зертханалар меңгерушілері мен ғылыми қызметкерлер.

Қонақтар кафедраның қайта жандануын жоғары бағалап, ұжымға ғылыми және білім беру міндеттерді орындауда табыс тіледі.
Миссия мен стратегиялық бағыттар
Қазіргі Зоология, гистология және цитология кафедрасы БҰҰ-ның Тұрақты дамудың мақсаттарына (ТДМ) толық сәйкес келетін негізгі ғылыми және оқу тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған:
-
Қазақстанның фаунасының биоалуантүрлігін зерттеу және сақтау — ТМД 14 (Теңіз экожүйелерін сақтау) және 15 (Құрлықтағы экожүйелерді сақтау);
-
Сирек және осал түрлердің жойылу қаупін алдын алу — биоалуантүрлікті жоғалтуды болдырмауға бағытталған ТДМ 15.5-ті қолдау;
-
Зоология, гистология және клеткалық биология салаларында фундаменталдық және қолданбалы зерттеулерді дамыту, ғылымның тұрақты дамуына бағытталған зерттеулер — ТДМ 9 (Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым);
-
Ғылыми ұйымдар, табиғатты қорғау құрылымдары және өндірістік салалар үшін жоғары білікті мамандар даярлау — ТДМ 4 (Сапалы білім) талаптарына сай;
-
Экологиялық мәселелерді шешуге қатысу және басқару органдарына, табиғатты қорғау қызметтеріне ғылыми ұсыныстар жасау — ТМД 13 (Климат өзгерісімен күрес) мақсаттарын қолдау.
Кафедра қазақ зоологиялық мектебінің дәстүрлерін және жануарлар әлемін, клеткалық құрылымдар мен биологиялық жүйелерді зерттеудің қазіргі тәсілдерін біріктіретін жетекші ғылыми-білім беру орталығына айналуға ұмтылады, сондай-ақ тұрақты даму жаһандық күн тәртібінің мақсаттарына үлес қосады.
Басқа жаңалықтар