- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шет тілдері кафедрасының оқытушылары 15-ші Тұрақты даму мақсаты: Құрлықтағы өмір аясында университет көлемінде өткен сенбілік күніне қатысты.
Шет тілдері кафедрасының оқытушылары 15-ші Тұрақты даму мақсаты: Құрлықтағы өмір аясында университет көлемінде өткен сенбілік күніне қатысты.
15 қараша, 2025
2025 жылдың 15 қарашасында Тұрақты даму мақсаты 15 :«Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен жалпыуниверситеттік сенбілікке филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары белсене қатысты. Кафедра ұжымы таңғы сағат 09:00-де филология факультетінің алдына жиналып, аумақты тазалау үшін қажетті құрал-жабдықтарды алды. Сенбілік барысында әрбір қатысушы қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға өз үлесін қосты. Оқытушылар университет аумағындағы қоқыстарды жинап, арнайы қаптарға мұқият орналастырды. Сенбілік жылы әрі достық атмосферада өтті, бұл кафедра ұжымының ұйымшылдығын және экология мәселелеріне деген жауапкершілігін көрсетті.