Шет тілдері кафедрасының оқытушылары 15-ші Тұрақты даму мақсаты: Құрлықтағы өмір аясында университет көлемінде өткен сенбілік күніне қатысты.Farabi University

Шет тілдері кафедрасының оқытушылары 15-ші Тұрақты даму мақсаты: Құрлықтағы өмір аясында университет көлемінде өткен сенбілік күніне қатысты.

15 қараша, 2025

2025 жылдың 15 қарашасында Тұрақты даму мақсаты 15 :«Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен жалпыуниверситеттік сенбілікке филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары белсене қатысты.  Кафедра ұжымы таңғы сағат 09:00-де филология факультетінің алдына жиналып, аумақты тазалау үшін қажетті құрал-жабдықтарды алды. Сенбілік барысында әрбір қатысушы қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға өз үлесін қосты. Оқытушылар университет аумағындағы қоқыстарды жинап, арнайы қаптарға мұқият орналастырды. Сенбілік жылы әрі достық атмосферада өтті, бұл кафедра ұжымының ұйымшылдығын және экология мәселелеріне деген жауапкершілігін көрсетті.