Сенбілік – Тұрақты дамуға қосқан үлесіміз
15 қараша, 2025
Бүгін университет аумағында өткен жалпыуниверситеттік сенбілікке біздің География және табиғатты пайдалану факультетінің, сондай-ақ Картография және геоинформатика кафедрасының студенттері белсенді түрде атсалысты.

Бұл шара Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты – «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» және 15-мақсаты – «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Табиғатты қорғау – тек теориялық білім емес, практикалық әрекетпен көрінетін құндылық.
Студенттер аумақты тазарту жұмыстарына жауапкершілікпен қатысып, шынайы еңбекке үлес қосты. Ең бастысы – тек келіп-кету емес, ортақ іске жанашырлық танытып, тәртіп пен тазалықтың үлгісін көрсетті.
.jpeg)
Бірге таза орта — бірге жарқын болашақ!
Басқа жаңалықтар
19 қараша, 2025
19 қараша, 2025
19 қараша, 2025