25 қазан – Қазақстан Республикасы күні
2023 жылғы 23 қазанда, Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жанындағы шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері арасында «25 қазан – Қазақстан Республикасы күні» атты тәрбие сағаты өтті.
Топ кураторлары К.С. Якубаева мен М.П. Ешимов Қытай мен Жапониядан келген студенттерге бұл мерекенің тарихы туралы айтып берді. Студенттер 25 қазан – Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы мерекесі екенін білді. Бұл күн 1990 жылы елдің Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы ретінде белгіленіп, Республика күні ретінде атап өтіледі. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Бұл маңызды құжатта ұлттық заңдардың одақтық заңдардан жоғары тұратындығы және Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше шешу құқығы бекітілген.
Студенттер үшін қызықты ақпараттардың бірі – Республика күніне орай еліміздің өңірлерінде концерттер, ғылыми конференциялар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар, патриоттық, волонтерлік және қайырымдылық акциялар ұйымдастырылатын болды. Алматы қаласында да мерекелік концерттер, флешмобтар, жәрмеңкелер, экологиялық акциялар, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалар, түрлі спорттық жарыстар мен скандинавиялық жүріс бойынша шағын марафон өтеді.
Оқытушылар шетелдік студенттерге осы іс-шараларға қатысып, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жайлы көбірек білуге кеңес берді.
К.С. Якубаева, М.П. Ешимов
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Басқа жаңалықтар