Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

15 қараша, 2025

ТДМ-17

2025 жылдың 15 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Qalam High School мектебінің оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Қонақтар факультеттің іргелі ғылыми дайындық пен нақты медиа тәжірибесі үйлесім тапқан білім беру ортасымен таныс болды. 

Жоғары сынып оқушылары зерттеуші-доцент Римма Жақсылықбаева мен тәжірибелі журналист, аға оқытушы Серік Жанболаттың сабақтарына қатысты. Мектеп оқушыларына теория мен практика симбиозының нәтижесі болашақ журналистердің кәсіби даярлығын қалыптастыратындығын түсінуіне тағы бір мүмкіндік және шығармашылық мамандықты таңдауды ойлап жүрген талапкерлер үшін мықты мотивация болды.

Экскурсия барысында оқушылар факультеттің шығармашылық кеңістігіндегі М. Барманқұлов атындағы кабинет пен зертхананы, арнайы мамандырылған аудиторияларды да аралап көрді.

Журналистика факультетінде кәсіби бағдар беру жұмысы тұрақты түрде жүргізілетінін атап өту керек, ал кафедраның есіктері медиаға қызығушылық танытқан және журналистика мамандығымен жақынырақ танысқысы келетін барлық талапкерлерге әрдайым ашық. 

Бұл - шығармашылық мамандық болғандықтан талапкерлерді шығармашылық емтихандар күтеді. Барлық талаптар, мерзімдер және қажетті құжаттар ҚазҰУ- дың ресми сайтында көрсетілген. Журналистика факультеті талантты жаңа талапкерлерді күтеді. Қош келдіңіздер, 2026 жылғы талапкерлер!