- Басты бет
- Жаңалықтар
- 6В02304 – «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенттері «ТМД 9 аясында «Almaty Museum of Art» мұражайына барды.
6В02304 – «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенттері «ТМД 9 аясында «Almaty Museum of Art» мұражайына барды.
2025 жылдың 7 қарашасында 6В02304 – «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенттері «ТМД 9 аясында «Almaty Museum of Art» мұражайына барды.
Іс-шараның басты мақсаты — студенттерге инфрақұрылым мен инновацияның қоғамның мәдени және экономикалық дамуына ықпалын түсіндіру, заманауи өнер арқылы индустрияландыру мен жаңа технологиялардың маңызын көрсету, сондай-ақ қалалық даму мен шығармашылық индустриялардың өзара байланысын таныту болатын.
Мұражайда студенттердің назарын ерекше аудартқан көркем туындылардың бірі — әлемге әйгілі мүсінші Ричард Серраның «Қиылыс» (2011) атты жиырма метрлік алып мүсіні. Бұл инсталляция темір құрылымдардың массасы мен кеңістікті қабылдау арасындағы байланысын көрсетіп, индустриялық инфрақұрылымның өнердегі көрінісін айқын көрсетеді.
Одан соң студенттер ашық аспан астындағы экспозицияда британдық-нігериялық суретші Йинка Шонибаренің «Жел мүсіні (ҮҰ) ІІ» туындысымен танысты. Бұл мүсін желдің қозғалысын бейнелейтін динамикалық формалар арқылы тұрақты даму, энергия ағымы және қоршаған ортамен үйлесімділік идеяларын көрсетеді.
Бұл танымдық іс -шара барысында студенттер урбанистика, өнеркәсіптік материалдардың шығармашылықта қолданылуы, инженерлік шешімдер және тұрақты инновациялар жайында пікір алмасты.
Мұражайға жасалған танымдық сапар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, индустрияландырудың мәдениетке тигізетін әсерін, өнердің технологиялық және экономикалық даму үдерістеріндегі орнын нақты мысалдармен түсінуге мүмкіндік берді. Студенттер белсенді қатысып, көрген туындылардан алған әсерлерін талқылап, өз ой-пікірлерін еркін жеткізді.
Басқа жаңалықтар