2025 жылдың 30 қазанында 6B02304 — «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенттерімен «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — студенттерге қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, дұрыс сөйлесу мәдениетін қалыптастыру және өз ойын сенімді жеткізу дағдыларын дамыту болды.
Студенттер шара барысында қарым-қатынасқа әсер ететін негізгі факторларды талдады: тыңдай білу, вербалды және вербалды емес сигналдар, эмоцияны дұрыс басқару, өз пікірін ашық айту, конфликтілерді шешу.
Дискуссия кезінде студенттер Дейл Карнегидің адамдармен қарым-қатынас жасауда қолдануға кеңес берген принциптері талданды. Нақтырақ айтқанда, оның “How to Win Friends and Influence People” (Адамдармен тіл табысу және әсер ету өнері) кітабындағы негізгі ережелер талқыланды. Студенттер бұл қағидалардың кез келген ортада — оқу орнында, жұмыста және өмірде тиімді екенін талқылап, мысалдар келтірді.
Іс-шара барысында студенттер белсенді қатысып,өз пікірлерімен ашық бөлісті. Мұндай ашық тәрбие са,аттары студенттерге қарым-қатынасты жақсарту жолдарын түсіндіріп қана қоймай, өз-өзін дамытуға, сенімділікке және айналасына құрметпен қарауға мотивация береді деген пікірге келдік.
Басқа жаңалықтар