ҚазҰУ-да «Жасыл кампус» экологиялық апталығы ұйымдастырылдыFarabi University

ҚазҰУ-да «Жасыл кампус» экологиялық апталығы ұйымдастырылды

15 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық мәдениетті арттыру және жастарды табиғатты қорғауға жұмылдыру жөніндегі бастамасына сәйкес экологиялық іс-шаралар апталығы өтті.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

Тұрақты даму мақсаттарының 11-ші («Тұрақты қалалар») және 15-ші («Құрлық экожүйелері») міндеттерін қолдау мақсатында 2025 жылғы 15 қарашада Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандықтарының 1-курс және 2-курс студенттері сенбілікке қатысып, кампус аумағын тазартуға өз үлестерін қосты.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Г.Р. Даулиева, факультеттің аға кураторы И.У. Кулиев, 1-курс кураторлары: Д.Р. Тұраров, Г.К. Иляшова.