Азаматтардың жекелеген санаттарын, сондай-ақ қорғаншылықта (қамқоршылықта) және патронаттағы адамдарды, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету
Нормативтік құжаттар: ҚР ҒЖБМ бұйрығымен бекiтiлген азаматтардың жекелеген санаттарын, сондай-ақ қорғаншылықта (қамқоршылықта) және патронаттағы адамдарды, жоғары оқу орындарының студенттерi мен оқушыларын тегiн тамақпен қамтамасыз ету қағидаларының негiзiнде қамтамасыз етiледi. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы.
Өтініш беру тәртібі:
1. Өтініштерді студенттер «Univer» жүйесі арқылы өз бетінше береді, растайтын құжаттар қоса тіркейді.
2. Тізімдер факультет комиссиясына ұсынылады және оны әр факультеттің деканаты қалыптастырады. Содан кейін олар әлеуметтік жұмыс басқармасына жіберіледі.
3. Әлеуметтік жұмыс басқармасында тізімдер қайта тексеріледі, бұйрық дайындалады және «Salem» құжат айналымы жүйесі арқылы жібереді.
4. Жауапты тұлғалар бұйрықты келісіп, бекіткеннен кейін студенттерге материалдық көмек көрсетіледі.
Байланыс нөмірі: әлеуметтік жұмыс басқармасы, 8 727 377 33 33 (iшкі 11-39).