Егізбаева. М.К. "Қазақ халқының материалдық мәдениеті" пәні бойынша дәрістер курсы.
1. «Қазақ халқының материалдық мәдениеті» пәні бойынша дәрістер курсы.
Пәннің мақсаты мен міндеттері – қазақ этносының қазіргі кезді қоса әртүрлі тарихи кезеңдердегі материалдық мәдениетінің тарихына қатысты мәселелер мен негізгі теориялық жағдайлармен студенттерді таныстыру. Қоныстар мен тұрғын үй түрлерінің жалпы сипаттамасын, халықтың дәстүрлі киімдері мен әшекей бұйымдарының жиынын, үй аспаптары мен дәстүрлі тамақтану жүйесін, ауылшаруашылық құралдары мен шаруашылық құрылыстарын, дәстүрлі транспорт және тасымалдау және т.б. түрлерін саралауды, сонымен қатар, Қазақстанның әртүрлі тарихи-мәдени аймақтарына тән өзгеше ерекшеліктерін анықтауды қарастырып отырған оқу курсының негізгі міндеттеріне жатқызамыз.
Силлабус Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Лекция 1. Кіріспе. Тұрмыс және материалдық мәдениет тарихы түсінігі мен мәні
Лекция 2. Қазақстан территориясындағы тас ғасырының қоныстары мен баспаналары және қола дәуірінің тұрғын үй мен қоныстары (б.д.д. ХІІІ – VІІІ ғғ.).
Лекция 3. Тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттер кезеңіндегі қоныстар мен тұрғын үйлер (б. э. VІІ ғ. – V ғ.).
Лекция 4. Ерте және дамыған ортағасырлық қалалар, қоныстар және тұрғын үйлер (VІ ғ. – VІІІ ғ.).
Лекция 5. Ортағасырлық мемлекеттер мен Қазақ хандығы дәуіріндегі (ХІV- ХVІІ ғғ.) қалалар, қоныстар мен тұрғын үйлер. Киіз үй - Евразия далаларының көшпенділерінің көне тұрғын үй түрі
Лекция 6. Ресей құрамындағы Қазақстанның қоныстары, тұрғын үйлері мен қалалары (1734-1917 жж.)
Лекция 7. Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіз дамуы жылдарындағы тұрғын үйлер және қалалар
Лекция 8. Ұлттық киімге қатысты деректер мен тарихнама
Лекция 9. Қазақстан территориясындағы тайпалар мен рулардың киімдері мен әшекей бұйымдарының көне түрлері. Орта ғасырлар және Қазақ хандығы дәуіріндегі әшекейлер мен киімдер кешені
Лекция 10. ХІХ-ХХ ғ. басындағы дәстүрлі киім-кешек және әшекейлер кешені
Лекция 11. Кеңес дәуірі мен тәуелсіздік кезеңіндегі қазақтардың киімдеріндегі өзгерістер.
Лекция 12. Қазақ халқының ас-тағам мәдениетінің зерттелуі
Лекция 13. Дәстүрлі тағамдану жүйесінің экологиялық жүйемен және шаруашылық түрімен байланысы
Лекция 14. Тамақтану: режим, этикет
Лекция 15. Қазақтардың тамақтану жүйесінің өзгеруі. Ыдыс-аяқ және аспаптар.