6B02203 Дінтану
Цель: Тіл білімі мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дін саласындағы ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, басқарушылық және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуде теориялық білімі мен кәсіби дағдылары бар дінтанушы мамандарды сапалы даярлау.
Предметы на ЕНТ: Шығармашылық емтихан1 и Шығармашылық емтихан2
Білім беру бағдарламасы
Тіл білімі мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дін саласындағы ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, басқарушылық және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуде теориялық білімі мен кәсіби дағдылары бар дінтанушы мамандарды сапалы даярлау.
1. діндер тарихы, дінтанулық теориялар, әдіснамалық негіздер мен дінтанудағы кәсіби терминологиялар туралы білімдерін қалыптастырады;
2. әлемдік, ұлттық, дәстүрлі және жаңа діни қозғалыстар мен культтердің ерекшеліктерін сипаттай отырып, олардың философиялық, әлеуметтанулық, психологиялық және феноменоменологиялық аспектілеріне талдау жасайды;
3. ғылыми зерттеулерде, қасиетті жазбалар мен мәтіндерді түпнұсқа тілде түсіндіруде, сондай-ақ көптілді және көпмәдениетті қоғамдағы коммуникация мәселелерін шешуде лингвистикалық әдістер мен әдіснамаларды қолданады;
4. діннің мәдени жүйедегі орнын және оның адам мен қоғам өміріндегі қызметін зерттейді;
5. діни және дінтанулық мәселелерді зерттеу барысында ғылыми (семиотикалық, нарративтік, далалық зерттеулер және т.б.) әдістерді пайдалана алады;
6. қазақ ойшылдарының, ислам және христиандық теологияның әртүрлі мектептерінің діни сенім ұстаным мәселелерін, олардың тарихын, дін мен дәстүрге байланысты негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін, этикалық, эстетикалық және семиотикалық құндылықтарын, әртүрлі діни және конфессиялық дәстүрлерге төзімділік қағидаттарына талдау жасайды;
7. дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын құқықтық актілерді, дін және конфессияаралық қатынастардағы заңнаманы игеріп, аргументтей алады;
8. ғылыми мәліметтерді жинақтау, талдау және көпшілік алдында сөйлеу, риторикалық дәлелдеу және объективтік тұрғыдан жазбаша баяндау дағдыларын біліктілік жұмысының әдістемесін пайдалана отырып, сараптамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыра алады;
9. отандық және шетелдік дінтанудың даму ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде талдау жасайды;
10. кәсiпкерлiк, қаржылық сауаттылық, кәсiптiк қызметтiң стандартты мәселелерiн шешу, экология және адам қауiпсiздiгi дағдыларын меңгереді.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Діндер тарихы-6 ECTS
- Дінтану негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Оқу-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Дінтанудағы кәсіби терминология-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Діни этика-5 ECTS
- Тілдің кіріспе курсы (Араб / Латын тілі)-5 ECTS
- Ұлттық діндер-5 ECTS
- Қазақ ойшылдары дін туралы-5 ECTS
- Діни эстетика-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Шет тілінің практикалық курсы (Араб / Латын тілі)-5 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Діни рәміздер теориясы-6 ECTS
- Діни антропология-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер-5 ECTS
- Мамандық бойынша мәтінді аудару тәжірибесі (Араб/ Латын тілі)-5 ECTS
- Кұран әдеби ескерткіш және қасиетті мәтін ретінде-5 ECTS
- Дінтанудағы далалық зерттеулер-5 ECTS
- Рухани мәдениет тарихындағы еркін ойшылдық-5 ECTS
- Эзотерикалық және мистикалық ілімдер-5 ECTS
- Дінтанулық сараптама-5 ECTS
- Дін психологиясы-5 ECTS
- Дін саласындағы мемлекеттік саясат-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Інжіл әдеби ескерткіш және қасиетті мәтін ретінде-5 ECTS
- Дін және дәстүр-5 ECTS
- Орталық Азиядағы суфизм-5 ECTS
- Миссионерлік әдістері-5 ECTS
- Дін социологиясы-5 ECTS
- Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы-6 ECTS
- Мұсылмандық ілімнің теологиялық мәселелері-5 ECTS
- Дінтанудағы деректану-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Дін философиясы-5 ECTS
- Дін феноменологиясы-5 ECTS
- Біліктілік жұмысының әдіснамасы мен әдістемесі-5 ECTS
- Салыстырмалы теология-5 ECTS
- Логика және діни риторика-5 ECTS
- Ханафи мазхабы-5 ECTS
- Ислам философиясы-5 ECTS
- Қазақстандағы дінтану тарихы-5 ECTS
- Шетелдік дінтану тарихы-5 ECTS
- Қазақстан Республикасындағы діни жағдай-6 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«6В02203-Дінтану» білім беру бағдарламасының түлектері мемлекеттің дін саласындағы саясатын, қоғамдағы дін мәселелерін жоғары деңгейде талдауға қабілетті мамандар болып шығады. Түлектер мамандықтары бойынша Дін істері басқармаларында, Қазақстандағы дін мәселелерін зерттеу орталықтарында, мемлекеттік органдарда, дінтанушы сарапшы, діни мәселелер жөніндегі кеңесші қызметтерін және ҒЗИ-да маман болып өздерінің кәсіби қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ түлектер магистратурада оқуын жалғастыра алады
Байланыс
Дүйсенбі Динара Темірбайқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы: +7 708 804 7330
БББ бойынша құжаттар