Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама жалпы және молекулалық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті маманды даярлауға бағытталған.
ON1. Молекулалық-генетикалық, биохимиялық, морфофизиологиялық ерекшеліктерді талдау;
ON2. Молекулалық, клеткалық және организм деңгейлерінде тұқымқуалаушылық және өзгергіштікті түсіндіру;
ON3. Тіршілік ортаның түрлі факторларына байланысты организмдердің генетикалық өзгергіштігін бағалау;
ON4. Генетикалық заңдылықтарды анықтайтын модельдік организмдер мен тест-жүйелермен эксперименттерді жүргізу;
ON5. Ғылыми-өндірістік орталықтарда және зертханаларда GLP ережелері мен биоэтиканың қағидаттарына сәйкес генетикалық әдістемелерді қолдануда жұмыстардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау;
ON6. Селекциялық орталықтарда қолайсыз факторларға тұрақтылығы бар және жоғары өнімді ауыл шаруашылық мәдени сортар және қол тұқымдардың түрлерін шығару үшін жалпы және молекулалық генетиканың заманауи әдістерін қолдану.
ON7. Перинатальды орталықтарда тұқым қуалаушылық ауруларды диагностикалау және алдын-алу үшін және сырттан тыс ұрықтандыру зертханаларында халықтың репродукция мәселелерін шешуде жалпы және молекулалық генетиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
ON8. Кеден және санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалауда ГМО-ы бақылау үшін, криминалистика зертханалрында жеке адамды идентификациялау және туыс болуын анықтау үшін сараптамалардағы молекулалық-генетикалық әдістерін қолдану;
ON9. Қоршаған ортаның генетикалық мониторингне қатысты генетикалық зерттеулердің заманауи жабдықтарын және есептеу құралдарын зертханалық және дала жағдайларында пайдаланып генетикалық зерттеулерді іске асыру;
ON10. Информациялық технологияларды пайдалану негізінде ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық ақпаратқа талдау жасау;
ON11. Оқулық материалдарды ауызша, жазбаша және графикалық нысанында ұсынуды білу;
ON12. Кәсіби және жеке, өз-өзімен білім алу арқылы болашақ карьерасын модельдеу және оқыту жолын жоспарлау.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Жұмыспен қамту келесі жұмыс түрлерін қарастырады:
• Ғылыми-өндірістік зерттеулер қызметі: ғылыми материалдарды жинау және дайындау, далалық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, биологиялық өндіріс процестеріне технологиялық бақылауды жүзеге асыру.
• Қолданбалы молекулалық диагностика, зертханалық іс-әрекеттер: зертханалық зерттеулерге материалдар алу, сапалы талдаулар жүргізу, талдаулар нәтижелері бойынша қорытынды жасау.
• Сот-медициналық сараптама және медициналық-генетикалық кеңес беру: әкелікті анықтау, биоматериалдың жеке тұлғалығын анықтау (ДНҚ тестілері) және цитогенетикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасау.
• Табиғи ортаның жағдайын биомониторинг және биологиялық бақылау, қоршаған ортаның мутагендік факторларын бағалау.
Академиялық ұтқырлық пен алыс және жақын шетелдердің университеттерінде және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
Байланыс
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 324, 328, 526 кабинеттер
Тел: +727377-33-33 (вн. 12-06; 19-72; 19-37)
e-mail: anna.lovinskaya@kaznu.edu.kz; zhazir16@gmail.com