7M02312 Шетел филологиясы (батыс тілдері)
Цель: жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласы үшін, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу, баспа және әкімшілік басқару үшін заманауи әдістемелерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге және ғылыми тұжырымдамаларды өз әзірлемелерімен салыстыруға қабілетті көптілді мамандарды даярлау.
Предметы на ЕНТ: Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері) и Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)
Білім беру бағдарламасы
жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласы үшін, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу, баспа және әкімшілік басқару үшін заманауи әдістемелерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге және ғылыми тұжырымдамаларды өз әзірлемелерімен салыстыруға қабілетті көптілді мамандарды даярлау.
ON 1. Тіл және әдебиеттану ғылымының соңғы жетістіктері мен технологияларын ескере отырып, іргелі филология ғылымдары мен шетел филологиясы саласындағы заманауи ғылыми білімді талдау.
ON 2. Контрастивті лингвистика, әдебиеттану, шет тілін меңгеру, мәдениетаралық коммуникация, когнитивтік және гендерлік лингвистика және т.б. салаларда шетел филологиялық ілімдердің әдіснамалық принциптері мен әдістемелерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру.
ON 3. мәтін және дискурс теориясы, тілдік вариативтілік, спичрайтинг, копирайтинг және медиалингвистика сияқты салаларда алған білімдерін кәсіби, ғылыми және іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері ескере отырып, шетел және ана тілінде ауызша және жазбаша түрде сөйлеу жұмыстарын дайындау үшін пайдалану.
ON 4. Практикалық қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін дискурсивті әдістерді қолдана отырып, әдеби және медиа мәтіндерді интерпретациялауды қоса алғанда, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде және стильдерінде шет тіліндегі қарым-қатынастың алдыңғы қатарлы дағдылары мен біліктерін дамыту.
ON 5. Ағылшын тілінің тілдік вариативтілігін, семантикасы мен прагматикасын, тілдің гендерлік аспектілері, коммуникативті мінез-құлық стратегиялары көрсететін академиялық қарым-қатынастың әртүрлі түрлері мен формалары, шет тілінің ғылыми стилінің ерекшеліктері және мәтіндердің стильдік дифференциациясы, түпнұсқалық ғылыми мәтіннің ұйымдастырушылық құрылымы мен мазмұны туралы білімді қолдану.
ON 6. Филологиялық және прагматикалық-кәсіби мәселелерді шығармашылықпен шешу жолдарын анықтау мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды, ана және шет тілдерінің мәтіндік корпусын пайдалана отырып, ақпараттық-талдау және ақпараттық-библиографиялық жұмыста алған білімдерін жинақтау.
ON 7.Тілдерді контрастивті сипаттау саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері мен аспектілерін түсіндіру және мәтінді тілдік және әдеби талдаудың күрделі құбылысы ретінде түсіндіре отырып, тілдік бірліктердің қызмет етуінің әлеуметтік аспектілері туралы білімді біріктіру.
ON 8. Тілді функционалдық жүйе ретінде оның әлеуметтік стратификациясын, коммуникативті және когнитивтік функцияларын, сондай-ақ лингвистикалық әсер ету прагматикасын, мәдениетаралық дискурс пен сөйлеу тактикасын ескере отырып талдайтын түпнұсқа жобаларды әзірлеу және қорғау.
ON 9. Заманауи компьютерлік технологияларды, деректерді өңдеудің тілдік бағдарламаларын және т.б. пайдалана отырып, ғылыми, академиялық және кәсіптік салалардағы теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу үшін білімді біріктіру және тиісінше әртүрлі типтегі мәтіндердің стилистикалық сипаттамаларын дұрыс түсіндіру арқылы ғылыми-техникалық құжаттаманың компьютерлік абстракциясы мен аннотациясын жүзеге асыру.
ON 10. мәдениетаралық қарым-қатынас пен тілдің бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми, кәсіптік және білім беру салаларында қолданылуын ескере отырып, әлеуметтік, гендерлік, мәдени, ғылыми, кәсіби және тұлғааралық қарым-қатынас процестеріне әсер ететін пәнаралық контексте және көпмәдениетті ұжымда тілді меңгеру және қолдану стратегияларын жүзеге асыру
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау-5 ECTS
- Шетел тілін оқытудың қазіргі заманғы парадигмалары-5 ECTS
- Инофилологиялық зерттеулердің қазіргі әдіснамасы-5 ECTS
- Ағылшын әдебиеттанымдық зерттеулердегі заманауи теориялар және үрдістер-5 ECTS
- Филологиядағы әдіснама мен компьютерлік технологиялар-5 ECTS
- Көркем мәтіннiң әдеби герменевтикасы-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-4 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-3 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Лингвистикалық ілімдердің тарихы-5 ECTS
- Тілдің семантикасы мен прагматикасы: заманауи тәсілдер-5 ECTS
- Екінші тілді менгеру теориясы-5 ECTS
- Қазіргі ағылшын тілінің ұлттық нұсқалары-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Тілдерді оқытудағы социолингвистикалық аспектілер-5 ECTS
- Спичрайтинг және копирайтинг: тарих, теория және практика-5 ECTS
- Мәтін теориясы және дискурс-5 ECTS
- Тілдік ықпал және мәдениаралық коммуникация-5 ECTS
- Медиалингвистика және шет тілі-5 ECTS
- Когнитивтік лингвистика-5 ECTS
- Гендерлік лингвистика-5 ECTS
- Ғылыми сөйлеу және редакциялау стилистикасы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет саласындағы кадрларды даярлау мынадай қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін қамтиды: - университет профессоры; - гуманитарлық бағыттағы орта арнаулы және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу орындарының шет тілі мен әдебиеті мұғалімі; - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы жүйесінің және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, жетекші маманы; - ғылыми референт-филолог; - мемлекеттік мәдениет және әдебиет ұйымдарындағы әдеби қызметкер; ғылыми редакторы, «7М02312 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер: ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары, аударма орталықтары, мемлекеттік тіл орталықтары, журналдар мен газеттер редакциялары, радио мен теледидар, баспалар және басқа да мүдделі мекемелер; әкімшілік басқару Жұмысқа орналастыру - 92%
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 311 Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1323)
БББ бойынша құжаттар