Цель: Аударма теориясы мен практикасы саласында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Предметы на ЕНТ:
Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері) и Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын тілі)
Білім беру бағдарламасы
Аударма теориясы мен практикасы саласында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
ON1 аударма теориясы мен практикасының заманауи әдіснамасын, аударманы оқытудың негізгі дидактикалық принциптерін, заманауи технологияларды қолдану;
ON2 аударма процесін және оның нәтижелерін талдау кезінде аударманың және аударма трансформациясының негізгі үлгілерін пайдалану;
ON3 аударма теориясының әр түрлі бағыттары, заманауи ғылыми зерттеу әдістері арқылы аударма теориясы саласында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу;
ON4 аударматанудың қазіргі заманғы үрдістерін, аударма теориясы мен әдістемесінің әр түрлі бағыттарын шығармашылық бағалау және жалпылау арқылы аударманың барлық түрлерін тіларалық және мәдениетаралық коммуникацияда делдал ретінде қолдану;
ON5 аударманы оқыту процесін оңтайландыру әдістерін, аударма техникасын үйретудің инновациялық әдістерін біріктіру арқылы практикалық сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен құралдарды әзірлеу;
ON6 аударманың қазіргі заманғы үрдістерін, аудармадағы инвариант мәселелерін синтездеп, аударманың жекелеген түрлерінің теорияларын жасау;
ON7 аударманың негізгі модельдерін және транслатологиядағы эквиваленттік деңгейлер теориясын, теориялық аударма универсалияларын негіздеу;
ON8 аударма процесінің теориялық мәселелерін, аударма процесінің кезеңдерін, аударма кезінде интерференцияны түсіну;
ON9 аударма баламалығының тарихи концепциялары мен әмбебап модельдерін, аударма стратегиялары мен аударма нәтижелерін сыни бағалау;
ON10 көркем аударма мен әдеби компаративистиканың теориялық және практикалық аспектілерін генерациялау арқылы лексикалық, грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларды сақтай отырып көркем аударма жасау;
ON11 түпнұсқа мен аударылған мәтінді салыстыра отырып, аударылған мәтінді сыни тұрғыдан бағалау және аударма қателерінің себептерін түсіндіру;
ON12 шет тілді ғылыми және білім беру салаларындағы мәдениетаралық қарым-қатынасты ескере отырып, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-кәсіби ынтымақтастық үдерістерін қозғайтын пәнаралық команда мен көп ұлтты, көпмәдениетті ұжымдағы жұмыспен байланысты іскерліктерді көрсету.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет саласындағы кадрларды даярлау төмендегідей қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін қамтиды:
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында педагог-оқытушы;
- ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
- аударма редакторы;
- аудармашы-лингвист;
- гид-аудармашы немесе ілесіп жүретін аудармашы;
- ауызша синхронды аудармашы;
- техникалық аудармашы;
- жазба мәтіндерді аударушы;
- хатшы-аудармашы;
- аудиовизуалды материалдар аудармашысы.
«7M02303 – Аударма ісі (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыра алатын негізгі жұмыс берушілер:
аударма агенттіктері;
Қазақстанның жоғары оқу орындары;
Қазақстанның орта кәсіптік оқу орындары;
ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары;
отандық және шетелдік киностудиялар;
отандық және шетелдік телеарналар;
ұлттық және шетелдік компаниялар;
ағылшын мектептері;
білім беру орталықтары;
баспалар;
газет редакциялары.
Жұмысқа орналастыру - 100%
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 311
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1323)