Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты – Шығыс елдері мен Қазақстанға тән әлеуметтік, мәдени, ұлттық ерекшеліктерін түсіну негізінде аударма теориясы мен практикасы саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, аударма ғылымы саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Докторанттарға өздерінің кәсіби және адами әлеуетін толық іске асыруға, көпұлтты, мультимәдени, плюралистік Қазақстан қоғамының дамуына және отандық ғылымның елеулі ілгерілеуіне лайықты үлес қосуға мүмкіндік беретін сапалы білім беру. Білім беру бағдарламасы аударма теориясы мен практикасы саласында, сонымен қатар мәдениеттану мен лингвистиканы зерттеу саласында тереңдетілген іргелі зерттеулер жүргізу арқылы отандық аударма ғылымын дамытуға қабілетті ғылыми мамандарды даярлауға және әлемнің лингвистикалық бейнесіне қатысты лингвистикалық аударма модельдерінің тәжірибесін көрсететін және түсіндіретін аударманың семантикалық модельдеу заңдылықтарын анықтауға бағытталған. Кәсіби мәселелерді ойдағыдай шешетін жоғары білікті аудармашы кадрларды даярлау, қазіргі заманғы лингвистикалық білімнің дамуында мемлекеттің басым стратегияларының бірі болып табылады.
Осы бағдарламаны аяқтаған докторант төмендегідей құзіреттерді танытуға қабілетті:
1.Зерттеу жүргізуге жеткілікті деңгейде қазіргі заманғы шығыс тілін, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс тілдерін қолдану; шет тіліндегі, оның ішінде кәсіби бағыттағы ақпаратты алу және жеткізу кезінде тілдік құралдардың тапшылығын толықтыру;
2. Қазіргі аударма теориясының үрдістерін талдау, әртүрлі теорияларды, тұжырымдамалар мен тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау, теориялық және практикалық маңызы бар өзекті проблематиканы әзірлеу;
3. Аударма саласындағы біліміне сүйене отырып шығыс тіліне қатысты нақты аударма мәселелерін қарастыратын төл зерттеу арқылы аударматануға үлес қосу;
4. Байланыс процесін тиімді құруға, шығыс тілінен және шығыс тіліне екі жақты ауызша және жазбаша аударма тәсілдерін ұтымды қолдану; шет тіліндегі түрлі мәтіндерді аудару, аннотациялау және рефераттау;
5. Аударманың қазіргі заманғы лингвистикалық теориясының ережелерін жазбаша және ауызша аудармада, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында сыни тұрғыдан қолдану;
6.Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, оның ішінде ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін, статистикалық талдау әдістерін, есептілікті жасау дағдыларын, деректерді ана және шет тілдерінде талдап түсіндіру;
7. Пән саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін таңдау, кәсіби қызмет саласында ғылыми болжамдарды ұсыну және оларды қорғауға қабілетті болу;
8.Жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу және оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін жетілдіру; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және оларды нақты білім беру міндеттерін шешуде қолдану;
9.Оқытылатын тіл елінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін анықтау, кәсіби бағдарлы қарым-қатынас жағдайын ескере отырып, осы ерекшелікке сәйкес өзінің сөйлеу тактикасы мен тілдік мінез-құлқын қалыптастыру, лингвомәдени фактілерді дұрыс негіздеу және түсіндіру; стереотиптердің ықпалынан арылу және қарым-қатынастың жалпы және кәсіби ;
10. Қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдау және шешу, ұлттық және шет тілдерінде жобалар мен бағдарламалар жасау;
11.Әр түрлі білім беру мекемелерінде және білім берудің әртүрлі деңгейлерінде оқу процесін ұйымдастыруда жаңа интерактивті және сандық технологияларды қолдану;
12. Таңдалған зерттеу бағыты мен жағдайдың талаптарына сәйкес келетін нақты және қол жеткізуге болатын мақсаттарды, міндеттерді белгілеу;
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Мәтінді салғастырмалы және аудармашылық талдау методологиясы-5 ECTS
- Аудармашылық зерттеулердің әдістемесі және компаративистика-5 ECTS
- Ғылыми-зерттеу мақсатындағы шығыс тілі-5 ECTS
- Заманауи аударма тұжырымдамалары-5 ECTS
- Мәдениет және аударма:аударманың тиімді стратегиясы-5 ECTS
- Мәтін және дискурстың өзекті мәселелері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
8D02301-Аударма ісі (шығыс тілдері) білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша PhD деңгейін бітіріп, ғылыми атағын қорғап шыққан Шығыстану факультетінің түлектері сұранысқа ие және Стратегиялық зерттеулер орталығына, Шығыстану институтына, ғылыми-зерттеу орталықтарына сондай-ақ Жоғарғы оқу орындарында, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Кеден қызметіне, түрлі деңгейдегі Бұқаралық ақпарат құралдарына, мұражайлар мен мұрағаттарға, аударма агенттіктеріне жұмысқа тұра алады.Түлектер сонымен бірге Қазақстандағы Қытай,Жапония, Корея,Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінің әртүрлі компаниялары мен фирмаларында жұмыс істей алады.
Байланыс
Осы бағдарлама бойынша оқуға түсуге ниет білдірген талапкер төменде көрсетілген оқытушылармен байланысып, толық ақпарат ала алады.
1. Арзықұлов Аманжол Азкеновия, +7 707 324 9130, Amanzhan.Arzykulov@gmail.com
2. Жанатаева Кульжан, 87073737073, Kulzhan.Zhanataeva@kaznu.edu.kz
3.Мамедова Фатима, +7 702 756 77 44, yaftama@mail.ru
4.Абаған Ақерке, +7 775 840 98 14, akerke.abaganova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123