7M02103 Баспа менеджменті және типографика
Цель: Баспа жобаларын басқару, мәтіндік, графикалық және мультимедиалық материалды ресімдеу дағдыларын меңгерген баспа менеджменті мен типографиканың салааралық бейіндерінің тоғысында мамандар дайындау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Баспа жобаларын басқару, мәтіндік, графикалық және мультимедиалық материалды ресімдеу дағдыларын меңгерген баспа менеджменті мен типографиканың салааралық бейіндерінің тоғысында мамандар дайындау.
ON1 Тілдер мен мәтіндер туралы жаңа ғылыми теориялар мен тұжырымдамалар тұрғысынан баспа менеджменті мен типографика салаларының тоғысында кәсіби қызметті жүзеге асыру.
ON2 Корпоративтік (логотиптер мен брендинг), редакциялық (кітаптар, газеттер, журналдар), навигациялық, веб-дизайн және т.б. салалардағы интегративті процестердің нәтижесі ретінде баспа қызметі тұрғысынан типографиканың бағыттарын әзірлеу.
ON3 Типографиканы эстетика, экономика, психология, әлеуметтану, мәдениеттану және т.б. әсерінен тарихи қалыптасқан дүниетанымдық және шығармашылық қызмет әдісі ретінде, ал баспа ісіндегі құқықтық менеджментті баспаның ұйымдастырушылық моделі ретінде талдау.
ON4 Отандық графикалық және электронды өнімдердің әр қилы түрлерін жасау кезінде ұлттық графика дәстүрлерін, түпнұсқа қаріптерді қолдану.
ON5 Графикалық дизайн негізі ретінде баспа мен типографика үндесуінде ғылыми дизайнды әзірлеу; баспа парадигмасының өзгеруі жағдайында баспалардың ұйымдастырушылық мәдениетінің принциптері.
ON6 Семиотиканың түрлі бағыттары контексінде мәтіндік және визуалды материалды контент-талдау әдіснамасын пайдалана отырып, баспа ісі және графикалық дизайн салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу.
ON7 Кәсіби деңгейде графикалық бағдарламаларды қолдана отырып, медиа мазмұнды өңдеу: CorelDraw, Adobe Illustrator, Adobe Photoshop, Adobe InDesign: кітап, газет-журнал, жарнамалық басылымдар, цифрлы құжаттар мазмұнын шығаруға дайындық.
ON8 Медиа мен аудиторияның өзара әрекеттесуінің негізгі тенденцияларын, редакциялық менеджмент пен типографиканың бағыттарын болжау.
ON9 Баспа және дизайн жобаларының құқықтық базасын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын модельдеу.
ON10 Электронды баспа жағдайында жаңа кәсіби ақпаратты контекстке келтіру.
ON11 Кітаптану ғылымы мен дизайн шығармашылығын дамытудағы келешегі бар бағыттарды жүйелеу.
ON12 Баспа менеджменті мен типографиканы мәтінді безендіру өнері ретінде оқытудың заманауи әдістерін, магистрлік диссертациядағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, ғылыми жарияланымдарды синтездеу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Гуманитарлық таным контекстіндегі графикалық дизайн және типографика-5 ECTS
- Баспа қызметі және полиграфия-5 ECTS
- Баспа ісіндегі құқықтық менеджмент-5 ECTS
- Отандық графикалық дизайнның жобалық әдіснамасы-5 ECTS
- Визуалды цифрлық семиотика және дизайн-5 ECTS
- Digital-edition: ерекшелігі мен функционалдық трендтері-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Қазіргі заманғы баспа-полиграфия үдерісін басқару-5 ECTS
- Web баспа: тұжырымдамасы, технологиясы және дизайны-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Қазақ графикасы және баспа үдерістерінің этнодизайны-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Кітап ісіндегі философия және мәдениет-5 ECTS
- Кітап таратудың виртуалды арналары-5 ECTS
- Маркетинг және баспа ісіндегі бренд дизайны-5 ECTS
- Баспа және дизайн саласындағы ғылыми жобалау-5 ECTS
- Баспа жүйесі мен графикалық бағдарламалар-5 ECTS
- Редакторлық-безендіру өнері: канондар мен стандарттар-5 ECTS
- Кітаптанудағы ғылыми танымның үрдістері-5 ECTS
- Қазіргі заманғы әдеби-баспа процесі: кітап шығарудағы менеджмент стратегиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады: 1. «Қазақ университеті» 2. «Атамұра» 3. «Көркем» 4. «Қазақ энциклопедиясы» 5. «Алматыкітап» 6. «Арыс» 7. «АН-Арыс» 8. «Мектеп» 9. «Өнер» 10. «Жеті жарғы» 11. «Жалын Баспасы» 12. «Аруна Ltd» (Алматы) 13. «Фолиант» (Астана) 14. «Дәуір» РБПК 15. ЖШС полиграфкомбинаты 16. Нұр-Принт, баспа-полиграфиялық кәсіпорны 17. ARTCARD, өндірістік компания 18. Қазақстан ұлттық брендинг агенттігі 19. Қазақстан БАҚ редакциялары 20. Интернет-сайттар мен виртуалды кітап дүкендері Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады, атап айтқанда: 1. Дәстүрлі және жаңа баспалар (дизайн және редакциялау), баспахана, полиграфиялық бірлестіктер 2. Баспа ұйымдары мен кітапханалар 3. Өндірістік компаниялар мен интернет-дүкендер (баспа өнімін жылжыту) 4. Жарнама және дизайн агенттіктері 5. Редакторлық қызметтер. Беттеуден материалдың түсуінен бастап баспа сайттарында жариялауға дейінгі технологиялық процестерді үйлестіру 6. ЖОО Еңбек нарығында ең алдымен магистранттың практикалық дағдылары талап етіледі - баспа менеджменті мен типографиканы зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін қолдану, баспа өндірісін, технологиялық процестерді, сараптаманы, менеджментті, маркетингті жоспарлаумен, ұйымдастырумен және модернизациялаумен танысу, интернет-ресурстар үшін материалдар дайындау және т. б.
Байланыс
Тілепберген Ақмөлдір Мақсатқызы 8-778-528-48-57 Мухамадиева Лариса Ивановна 8-777-204-40-55
БББ бойынша құжаттар
23123123