6B02210 Археология
Цель: Археологиялық ғылымның іргелі негіздерін түсінетін, әртүрлі тарихи кезеңдерде археологиялық мәдениеттер, егіншілік және көшпелі өркениеттер туралы білімі бар мамандар даярлау. Археологиядағы пәнаралық және заманауи сандық әдістер туралы түсінік қалыптастыру.
Предметы на ЕНТ: Дүниежүзі тарихы и География
Білім беру бағдарламасы
Археологиялық ғылымның іргелі негіздерін түсінетін, әртүрлі тарихи кезеңдерде археологиялық мәдениеттер, егіншілік және көшпелі өркениеттер туралы білімі бар мамандар даярлау. Археологиядағы пәнаралық және заманауи сандық әдістер туралы түсінік қалыптастыру.
Заманауи зерттеу әдістерін сипаттау және талдау мақсатында археология мәселелері бойынша пәнаралық әдістерді зерттеу процесіне интеграциялау; қоғамдағы ғылым мәселелерін шешу үшін әлеуметтік өзара ынтымақтастыққа, әріптестікке, қоғамдағы сыпайы және толерантты өзара қарым-қатынасқа дайын болу; Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстаным таныту;
2. Археологиядағы трасологиялық, геологиялық, геодезиялық, топографиялық, археогенетикалық, зооархеологиялық, сандық әдістерді сипаттау; археологиялық зерттеудегі социологиялық, саяси, экологиялық процестердің рөлін түсіндіру.
3. Зертханалық-камералдық жұмыстарды жүргізу кезінде пәнаралық зерттеулер және жасанды интеллект әдістерін пайдалану
4. Археологиялық зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау; археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін, қалыптасу процесі және ыдырау немесе өркендеу себептерін түсіндіру
5. Идеялық-тақырыптық мазмұн тұрғысынан әдебиеттерге кешенді талдау жүргізу, шетелдік ғалымдардың ғылыми әдебиеттерін пайдалану және салыстырмалы талдау жасау
6. Шетелдік археологиялық мектептер туралы ой қалыптастыру, шетелдік мемлекеттердегі археологиялық ғылымның даму тарихын жүйелі бағалай алу
7. Зертханалық-камералдық жұмыстарды жүргізе алу; археологиялық қазба жұмыстар кезінде табылған керамика фрагменттеріне трасологиялық сараптама жасай алу
8. Түрі, құрылысы, кезеңдік ерекшеліктері негізінде ғұрыптық жерлеу ескерткіштерін талдауды жүзеге асыру; тұрмыстық, әскери заттар, жерлеу-ғұрыптық рәсімдер негізінде ескерткіштердің мәдени тиесілігін анықтау
9. Шетелдік ғылыми әдебиеттерді сараптау қабілеттерін көрсете алу, теориялық, процессуалдық, постпроцессуалдық археологияның қалыптасу кезеңін сараптау
10. Далалық зерттеу жұмыстары кезінде археологиялық барлау немесе қазба жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша білімді пайдалану; археологиялық табылымдарды негіздей отырып, адамның шығу тегі туралы негізгі теорияларды сипаттау
11. Еуропа және Азия елдерінде қолданылатын археологиялық қазба жүргізу әдістерін жіктеу, қазба жүргізу әдістері және археологиялық ескерткіштерді реставрациялау мен консервациялау тәсілдерін саралау
12. Ежелгі және ортағасырлық тайпалардың рухани және материалдық мәдениетіне қатысты ғылыми пікірталас жүргізе алу, ғылыми ойлау қабілеттерін көрсету
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Археологияға кіріспе-6 ECTS
- Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Оқу-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Археологиялық зерттеу әдістері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қола дәуірі-5 ECTS
- Тас ғасыры археологиясы-5 ECTS
- Геология негіздері-5 ECTS
- Физикалық антропология негіздері-5 ECTS
- Кәсіби бағыттағы ағылшын тілі-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Антикалық археология-6 ECTS
- Геодезия және топография негіздері-6 ECTS
- Қолданбалы ағылшын тілі курсы-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Музейтану-5 ECTS
- Еуразияның ортағасырлар археологиясы-5 ECTS
- Трасология және трасологиялық сараптама-5 ECTS
- Дүниежүзі тарихы-5 ECTS
- Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлар архитектурасы-5 ECTS
- Қазақстан петроглифтері-5 ECTS
- Археогенетика-5 ECTS
- Археологиядағы керамика-5 ECTS
- IELTS: стратегиялар мен тәжірибелер-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Мәдени антропология-5 ECTS
- Палеоэкологиялық археология-5 ECTS
- Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен өркениет-5 ECTS
- Археологиялық ескерткіштерді қорғау, реставрациялау және консервациялау-5 ECTS
- Тарихи өлкетану-5 ECTS
- Археологиядағы сандық әдістер мен технологиялар-5 ECTS
- Тарихнама және деректану негіздері-5 ECTS
- Палеонтология негіздері-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Археозоология-6 ECTS
- Тарихи география-5 ECTS
- Тарихи-археологиялық зерттеулердегі жасанды интеллект-5 ECTS
- Эпиграфика және нумизматика-5 ECTS
- Алғашқы қауым өнері-5 ECTS
- Қазақстанның палеометалл дәуірі археологиясы-5 ECTS
- Қазақстанның ерте темір дәуірі-5 ECTS
- Этноархеология-5 ECTS
- Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы-5 ECTS
- Теориялық археология-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Археология білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің болашақ жұмыспен қамтамасыз етуінде негізгі жұмыс берушілері: 1. ғылыми-зерттеу институттары; 2. тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау мекемелері; 3. туризм саласы; 4. жоғары және орта оқу орындар; 5. музейлер; Білім беру бағдарламасы нақты салаларда актуалды: 1. ғылым, білім саласы 2. мәдениет саласы 3. туризм 4. мәдениет саласындағы сарапшы қызметі.
Байланыс
Сагындыкова Сымбат Темиргалиевна - аға оқытушы Тел: 87781048835
БББ бойынша құжаттар