Білім беру бағдарламасы
Әлеуметтік сала ұйымдарының мамандарын әлеуметтік саясатты басқару және іске асыру саласындағы сараптамалық қызметті орындауға қабілетті болуға даярлау
1. кәсіби қызметте ғылымның табиғатын мен әдістері терең түсінуді, шет тілінде жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының заманауи жетістіктерін пайдалану;
2. әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саясат саласында халықтың қажеттіліктерін бағалауға және әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігіне баға беруге бағытталған зерттеулерді жүргізу;
3. азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес сектордың сәйкес рөлдерін интерпретациялау;
4. әлеуметтік саясат пен экономиканың бәсекелес факторларын есепке ала, тұрақты шешімдерді табуға талпына отырып, жаһандық призма арқылы әлеуметтік саясаттағы негізгі өзгерістерді сыңи бағалау;
5. әлеуметтік сала мекемелерінде, оның ішінде әлеуметтік саланы басқаруда цифрландыру көмегімен әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында супервизиялар жүргізу;
6. қаржыландыру, ұйымдастырушылық даму, басқару және еңбек психологиясы саласындағы білімдерді қолдана отырып, әлеуметтік ұйымдарды басқару;
7. әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің тиімділігін, арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бағалауды жүзеге асыру;
8. халықтың әл-ауқатын арттыруға, осал топтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу;
9. мемлекеттік емес субъектілерді әлеуметтік жұмыстағы басқару психологиясы мен менеджменттің ерекшеліктерін қолдана отырып халыққа әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарту шараларын жобалау;
10. практикалық психологиялық-педагогикалық қызмет дағдылары негізінде әлеуметтік жұмыс саласындағы оқу пәндері бойынша әлеуметтік-тәрбиелік бағдарламаларды, білім беру жобаларын және әдістемелік сүйемелдеуді әзірлеу;
11. мультимедиялық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып әлеуметтік жұмыста теориялық және практикалық оқытудың заманауи әдістерін енгізу;
12. әлеуметтік жұмыстың этикалық қағидаттарын сақтай отырып, әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерімен өзара әрекеттесу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Әлеуметтік саясат және басқару білім беру бағдарламасының барлық түлектері әртүрлі салаларда: халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен мекемелерінде; қарттарды қорғау, балалар мен психикалық ауытқуы бар ересектерді қолдау, сонымен бірге ішкілік пен есірткіге салынумен күрес қызметтерінде жұмыс жасау арқылы өздерін көрсете алады. Әлеуметтік қызметкерлер Мамандандырылған қызметтерде пробация қызметкерлері және сот жүйесіне тартылған балалардың мүддесін қорғайтын қамқоршылар ретінде жұмыс жасай алады.
Әлеуметтік жұмыстың түлектері тәуекел тобындағы немесе балаларды қорғау, патронаттық тәрбие және бала асырап алу саласындағы қамқорлықтағы балаларды бағалау және қорғау бойынша маман; клиникалық әлеуметтік қызметкерлер; қоғамда микро, мезо және макро деңгейлердегі қоғамдық әлеуметтік қызметкерлер; пенитенциарлы жүйедегі әлеуметтік қызметкерлер; гериатриялық әлеуметтік қызметкерлер; психикалық денсаулық әлеуметтік қызметкері; әскери әлеуметтік қызметкерлер, денсаулық сақтау саласындағы мамандар; травматологиялық әлеуметтік қызметкерлер бола алады.
ББ «7M11404 Әлеуметтік саясат және басқару»
1. Облыстардың/республикалық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары;
2. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері;
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары;
4. Қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ;
5. Халықаралық және қайырымдылық қорлар;
6. Зерттеу институттары мен орталықтары.
Байланыс
Мустафина А.С. әлеуметтану ғылымдарының PhD докторы, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, тел: +7(777)5464235