Білім беру бағдарламасы
«6В06107- Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының мақсаты - тез өсіп келе жатқан, орасан зор сұранысқа ие, үлкен деректерді талдауы мен ғылымы бойынша сапалы, бәсекеге қабілетті, жоғарыбілікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету. Бірегей пәнаралық білім беру тәжірибесі студенттерге жұмыс берушілер іздейтін білім мен дағдылардың кең базасын алуға мүмкіндік береді.
1.Әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың ерекшеліктерін олардың қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі тұрғысынан талдау, әлемдік және еуразиялық тарихи үдеріс жағдайында тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдерін сипаттау.
2. Әр түрлі саладағы үлкен деректерді басқарудың, өндірудің және талдаудың заманауи әдістерін түсіну және қолдана білу.
3. Шынайы әлемдегі мәселелерді шешу үшін деректер ғылымының тұжырымдамалары мен әдістерін қолдану және бұл шешімдерді деректерді басқару дағдыларына тиімді пайдалану.
4. Машиналық оқытудың мәселелерінің негізгі класстарын шешуге қолайлы құралдар мен әдістерді анықтау және әзірлеушілермен өзара әрекеттесу.
5. Үлкен деректермен сипатталатын практикалық мәселелерді шешу үшін машиналық оқыту, жасанды интеллект, қатарлас және үлестірілген есептеу, ақпараттық қауіпсіздік сияқты заманауи компьютерлік технологияларды қолдану
6. Үлкен деректермен жұмыс жасау және экономиканың қаржы секторы үшін аналитикалық модельдерді құру бойынша кәсіби дағдыларды алу.
7. Бағдарламалық жасақтаманы жобалау, әзірлеу және тестілеуді орындау, икемді әдістеме негізінде эргономикалық қолданушы интерфейсімен веб-қосымшалар әзірлеу.
8. Жасанды интеллект әдістерін мәселелерді шешуде және шешімдер қабылдауда, жасанды интеллект жүйелерін сынау, енгізу және қолдау кезінде қолдану.
9. Әр түрлі көздерден алынған мәліметтердің толықтығы мен өзара байланысын қамтамасыз ету және ағымдағы процестерді оңтайландыру үшін шешімдер әзірлеу үшін мәліметтерді жинау процесін қолдану.
10. Деректердің құрамын, құрылымын және дерек көздерін анықтайтын, деректердің қорғалуын қамтамасыз ететін логикалық мәліметтер құрылымын модельдеу.
11. Үлкен деректерге талдау жүргізу, үлкен деректерді сақтау, өңдеу және талдауға арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және әзірлеу, заманауи қолданбалы архитектураны қолдау үшін бұлтты платформалық қызметтерді пайдалану.
12. Әлеуметтік, этностық және мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдай отырып, топта жұмыс істеу, өз іс-әрекетін, ұжым қызметін сыни тұрғыдан бағалау.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет саласында кадрларды даярлау:
- машиналық оқыту бойынша маман;
- нейрондық желілер бойынша маман;
Деректерді өңдеу жөніндегі маман;
- Data Scientist;
- BI аналитик
- жасанды интеллект маманы;
- жүйелік админ
Ғылыми қызметкер;
орта арнаулы, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру жүйесіндегі оқытушы;
- Білім беру саласындағы менеджер.
- FinTech менеджері
Байланыс
Амирханова Гульшат Аманжоловна
Лауазымы: кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71
тел:+77076368078