Білім беру бағдарламасы
Тағам өнеркәсібі үшін тағам өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен сүйемелдеу, өнімдер мен шикізаттың химиялық құрамын талдау, жартылай және толық дайын тағам өнімдерін қайта өңдеудің, консервілеудің, сақтаудың және орап-қаптаудың заманауи тәсілдерін әзірлеу құзіреттеріне ие мамандарды дайындау.
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін бакалаврлар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1 қазіргі заманғы химия мен тағам өнімдері технологиясының негізінде жатқан жаратылыстану және инженерлік ғылымдардың принциптері мен заңдарын, халықаралық және ұлттық стандарттарды, осы саладағы нормативтік және құқықтық құжаттарды түсіндіру;
2 тағам шикізаты мен қосалқы материалдарды қайта өңдеу, сақтау және іске жарату технологиясындағы химиялық және биохимиялық процестер түсінігін көрсету;
3 тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша техникалық құжаттамаға сәйкес шикізаттың, дайын өнімнің, қосалқы материалдардың, технологиялық жабдықтардың санитарлық жағдайының биологиялық және экологиялық қауіпсіздігін бағалау;
4 материалдық және энергетикалық теңгерімге, физика-химиялық және фазааралық процестердің термодинамикасына сәйкес тағам өнімдерін алу процестерінің технологиялық режимінің негізгі сипаттамаларын анықтау;
5 компьютерлік технологияны пайдалана отырып, нәтижелерді өңдеуге, технологиялық схемаларды құруға, реакторларды, жабдықтарды және тамақ кәсіпорындарын жобалауға арналған есептеулер жүргізу;
6 өндірістің техникалық сипаттамаларына, эргономикасы мен экологиясына сәйкес тағам өнімдерін шығаратын жабдықтар мен аппараттардың жұмысының оңтайлы параметрлерін таңдау;
7 бастапқы шикізаттың, дайын өнімнің сапасын және өнімдердің ұлттық және халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін химиялық және физика-химиялық әдістер арқылы талдау;
8 заманауи стандарттарды, сапа жүйесін, құқықтық актілерді, өнеркәсіптік экономика мен экологияны білу негізінде есептер, сызбалар, технологиялық құжаттаманы жасау;
9 өндірістің экологиясын, токсикологиясын және эргономикасын ескере отырып, бәсекеге қабілетті тағам өнімдерін алу үшін технологиялық процестерді бақылау;
10 өнеркәсіптік экономиканы, құқықтық актілерді, қазіргі заманғы стандарттарды білу негізінде технологиялық схемалар мен құжаттама жасау;
11 тағам өнімдері мен жартылай дайын өнімді алудың, қайта өңдеудің, сақтаудың, консервілеудің және қаптаудың жаңа химиялық-технологиялық процестерін әзірлеуді және инновациялық жобаларды енгізуді жүргізу, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет үшін;
12 қазіргі қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес құқықтық заңнаманы, әлеуметтік өзара әрекеттесуді білу негізінде жеке тұлғаның одан әрі өсуі мен кәсіби дамуының бағыттарын анықтау.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«Тағамдық химия және технология» ББ түлектері тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында химик-инженер, химик-технолог болып жұмыс істеуге, магистратурада тамақ өнімдерінің химиясы мен технологияларына бағытталған мамандықтар бойынша оқуды жалғастыруға дайын болады. Химия, информатика және инженерлік ғылымдар саласындағы негізгі білімі мен тамақ өнімдерін өндіруге арналған құралдар және жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары оларға осы салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Байланыс
Адильбекова А.О.
akbota.adilbekova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123