З.Жанабаев атындағы “Data Science in Astrophysics” ғылыми-зерттеу орталығы
Орталық ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 2023 жылдың 20 желтоқсандағы №4 отырысының шешіміне негізделген Ректордың 2024 жылдың «10» қаңтардағы № 10 бұйрығына сай ашылды.
Агишев Алдияр Талгатович, "Data Science in Astrophysics" Орталығының директоры, "Физика және Астрономия" бойынша PhD, доцент м.а.
«Data Science in Astrophysics» орталығы бақылау астрономиясы, астрофизика және деректер ғылымы (заманауи әрі инновациялық әдістер) саласындағы жетекші зерттеу топтарын біріктіру мақсатында құрылды.
Ғылыми-білім беру жұмыстары
«Data Science in Astrophysics» орталығы білім беру қызметімен белсенді айналысады, соның ішінде жаңа буын мамандарын дайындауға қатысады. Орталықта ғылыми зерттеулер және білім беру жобалары бакалавриат студенттері, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарын тереңдетіп оқитын мектеп оқушыларының қатысуымен жүзеге асырылады.
Орталық командасы астрономия, астрофизика және деректер ғылымының негізгі бағыттары бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру бағдарламаларының дамуына және оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.
Орталықта жергілікті және халықаралық деңгейде ашық семинарлар өткізіледі. Бұл семинарларға шетелдік жетекші ғалымдар шақырылып, тәжірибе мен білім алмасуға жағдай жасалады. Мұндай іс-шаралар жергілікті ғылыми қауымдастықты жаһандық контексте біріктіруге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
"Data Science in Astrophysics" орталығы бақылау астрономиясы, астрофизика және деректер ғылымы әдістерін қолдану салаларында өзекті мәселелерді шешуге бағытталған озық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Орталық қызметі аясында келесі бағыттар жүзеге асырылады:
Жұлдыздардың эволюциясы мен құрылысы – жұлдыздардың қалыптасу және эволюция үдерістерін зерттеу, сондай-ақ олардың өмірлік циклдерін модельдеу.
Айнымалы жұлдыздардың жарық қисықтарын модельдеу – объектілердің жарық қисықтарын модельдеу негізінде жүйелердің іргелі параметрлерін анықтау.
Гидродинамикалық модельдеу – SPH (тегістелген бөлшектердің гидродинамикасы) әдісімен сандық модельдеу негізінде екілік жүйелердегі дискілердің құрылымдары мен динамикасын сипаттау.
Доплер томографиясы - диск құрылымдарын сипаттаудың бақылау әдісі болып табылады. Бүл фаза бойынша реттелген спектрлік деректерді пайдалана отырып, радиалды жылдамдық координаттарындағы жарық көздеріеің жүйедегі таралуын зерттеп көруге мүмкіндік береді.
Спектрлік сызықтарды модельдеу – зерттеу объектілерінің қабықшаларының қасиеттерін зерттеу үшін байқалатын жүйелерден келетін электромагниттік сәулеленудің сипаттамаларын модельдеу.
Орталық қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (ҚР ҒЖБМ ҒК) қаржыландыратын бірнеше белсенді зерттеулерді жүзеге асыруда.
Орталықтың зерттеу нәтижелері Scopus және Web of Science мәліметтер базасында индекстелетін жоғары рейтингілік халықаралық ғылыми журналдарда үнемі жарияланады.
Сондай-ақ, орталық халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарға белсенді қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерін әлемдік деңгейдегі конференцияларда ұсынады. Бұған қоса, орталық әртүрлі елдердің ғалымдары тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеуі үшін алаң құру мақсатында ғылыми конференциялар ұйымдастырады.
2024 жылы университеттің 90 жылдығының аясында «Hot Stars. Life with Circumstellar Matter» (https://conf.astrokaznu.kz) халықаралық конференция ұйымдастырып, өткізілді. Осыған 90-ға жуық ғалым, оның ішінде 20 елден (АҚШ, Канада, Латын Америкасы, Ресей, Еуропа, Қытай және т.б.) 50 жетекші астрофизик қатысты.
Жобалар
2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі):
AP19578879 «FS CMa типті жұлдыздардың бақылаулық көріністерін компьютерлік модельдеу әдістерімен зерттеу», жетекшісі – Агишев А.Т.
2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі):
AP19678376 «Әртүрлі аккреция жылдамдықтары бар катаклизмдік айнымалылардағы аккрециялық ағындар физикасы», жетекшісі – Хохлов С.А.
Қысқаша сипаттама
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың астрономия және астрофизика саласындағы қажеттіліктеріне арналған есептеу кластері.
Кластер физикалық серверлерден тұрады. Қашықтағы бұлтты инфрақұрылыммен толықтырылған жүйе жоғары қолжетімділік пен ақауларға төзімділік принципіне негізделіп салынған.
Бұл архитектура техникалық қажеттіліктерді қанағаттандырады және тік әрі көлденең бағытта масштабталуға мүмкіндік береді.
Кластер құрылымының икемділігі мен модульдігі бірыңғай басқару жүйесі арқылы таратылған қуат көздері мен қолжетімділік жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі. Осылайша, есептеу тораптарының толық функционалдығы тәулік бойы (24/7) қолжетімді болады, сонымен қатар резервтік көшіру, деректерді тасымалдау, сақтау және "ыстық" ауыстыру мүмкіндігімен жүйелерді немесе толық тораптарды орналастыру мүмкіндігі бар.
Қолжетімділік жүйесі қауіпсіз SSL VPN топологиясын қолданатын негізгі 1 Гбит/с арна арқылы құрылған. 50 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін резервтік 4G радио арнасы сыртқы қоғамдық IP мекенжайы арқылы Firewall арқылы іске қосылады. Бұлтты бөлік деректерді тарату мен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жалға алынған виртуалдық хостингте (Microsoft OneDrive) орналастырылған.
Есептеу торабы – ортақ гипервизор платформасындағы (әсіресе HYPER-V, кейбір жағдайларда ESXi) виртуалды машиналардың жиынтығы. Бұл платформа ортақ ресурстарға негізделіп, физикалық серверлер арасында (Xeon процессорлары, жедел жады және RAID массивіндегі қатқыл дискілер) таратылған.
Энергия тәуелсіз қуат көздері мен резервтік жүйе арқылы беріледі. Қуатты басқару жүйесі қашықтықтан қолжетімділікті қолдайды. Домейн ішіндегі машиналар арасындағы байланыс 10 Гбит/с интерфейстер арқылы жүзеге асырылады. Желілік инфрақұрылым байланыс агрегациясы мен қосылуды резервтеу арқылы салынған. VLAN желілік домендері қуатты басқару жүйесін, мониторинг сенсорларын, басқару қосалқы желісін және қолжетімділік қосалқы желісін ажыратады.
Есептеулерді параллельдеу үшін біз Linux-қабықша негізінде жасалған өз скриптімізді қолданамыз..
Астрономия және астрофизика үшін есептеу кластерінің сипаттамалары:
Есептеу ресурстары
Кластер келесі ресурстарды ұсынады:
– 464 жіп, 2.6 ГГц жиілігімен (10 физикалық процессорда, Xeon Gold 62xx/63xx сериялы процессорлар)
– 1 GPU (Nvidia A2)
– 576 ГБ жады (DDR4, 2666 МГц)
– 23 ТБ сақтау (SSD/SAS дискілері аппараттық RAID арқылы)
Кластер жабдықтары 4 HP Enterprise DL380 Gen10 / Gen10 Plus блоктарынан тұрады.
Қолжетімділік мүмкіндіктері
– Қоғамдық IP-мекенжайы арқылы SSH және RDP (сұраныс бойынша VNC).
– "Пайдаланушы деректеріне" қолжетімділік Microsoft Cloud арқылы (1 ТБ, файлдық хостинг қызметінің түрі) ортақ сілтемелер арқылы қамтамасыз етіледі.
Бағдарламалық және аппараттық топология
– Хост OS Linux негізінде (Ubuntu 18.04 LTS).
– Виртуализация Hyper-V Server 2019.
– Интернет байланысы (негізгі uplink, Access LAN): 1 Гигабиттік Ethernet интерфейсі (1 GE, ең жақсы пинг 2-5 мс, жылдамдық – speedtest.net бойынша 750 Мб/с).
– Резервтік 4G ұялы желісі (50 Мбит/с, сондай-ақ қоғамдық IP-ге қол жеткізу үшін қолданылады).
– Негізгі қуат көзі 6.5 кВт (резервтік қуат: 2.2 кВт).
– Кластер ішіндегі байланыс 10GBASE (SFP+, DAC).
– VLAN басқару желісі 1 GE интерфейстеріне негізделген, FortiGate SSL – – VPN арқылы қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігімен.
– Қауіпсіздік қабырғалары (NGFW), жүйені мониторингтеу құралдары, маршруттау және қосқыш мүмкіндіктері, мысалы, байланыс агрегациясы және қосылуды резервтеу мүмкіндіктері жүзеге асырылған.
Масштабтау тік және көлденең бағытта мүмкін.
Пайдалану және техникалық қызмет көрсету ерекшеліктері
– OS жүктеме бақылау нүктелері.
– OS үшін резервтік көшіру және көшіру мүмкіндігі.
– Қазіргі конфигурациялары және кіріктірілген қолданбаларымен бірге көшіру және бейнелеу.
– OS және есептеу тораптарын жылдам енгізу мүмкіндігі.
Кластер серверлерінің ыстық алмастырылатын аппараттық компоненттері.
Орталық басшысы:
Агишев Алдияр Талгатович – "Data Science in Astrophysics" орталығының директоры, PhD "Физика және Астрономия", доцент м.а.
===============================================
"АСТРОФИЗИКАДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ" ЗЕРТХАНАСЫ – 533-АУДИТОРИЯ
Зертхана меңгерушісі:
Хохлов Серик Анатольевич, PhD "Физика және Астрономия"
Қызметі: астрофизикадағы деректерді талдау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (ҚазҰУ), электроника және астрофизика кафедрасының доцент м.а. (ҚазҰУ),
Ғылыми қызығушылықтары: спектрлік талдау; B[e] жұлдыздар; Be жұлдыздар; post-AGB жұлдыздар; энергияның спектрдегі таралуы
ORCID: 0000-0001-5163-508Х
Scopus: 57193160477
e-mail: skhokh88@gmail.com
Зерттеу тобы:
Вайдман Надежда Леонидовна, MSc по "Физике және Астрономии"
Қызметі: Астрофизикадағы деректерді талдау зертханасының кіші ғылыми қызметкері (ҚазҰУ); Жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының кіші ғылыми қызметкері (АФИФ); Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясында бақылаушы (АФИФ)
Ғылыми қызығушылықтары: бақылау астрономиясы; деректердің бастапқы өңделуі; спектрлік талдау; Be жұлдыздары; жұлдыздық эволюция; MESA
ORCID: 0000-0002-7449-0108
scopus author: 58554640500
e-mail: nva1dmann@gmail.com
Габитова Ильфа Азаматовна, "Физика және Астрономия" мамандығы бойынша 3 курс докторанты
Қызметі: астрофизикадағы деректерді талдау зертханасының кіші ғылыми қызметкері (ҚазҰУ)
Ғылыми қызығушылықтары: спектрлік талдау; Be жұлдыздары; допплерлік томография; энергияның спектрдегі таралуы
ORCID: 0000-0002-5328-8568
scopus author: 58554782700
e-mail: ilfa3110@gmail.com
Нурмахаметова Шахида Ташмахомедовна, "Физика және Астрономия" мамандығы бойынша 4-курс бакалавриат студенті
Қызметі: Астрофизикадағы деректерді талдау зертханасының инженері
Ғылыми қызығушылықтары: бастапқы деректерді өңдеу; спектрлік талдау; фотометрия; post-AGB жұлдыздары
ORCID: 0009-0005-6851-7270
e-mail: shahidanurmahametova@gmail.com
Агишев Дамир Талгатович,"Физика және Астрономия" мамандығы бойынша 1-курс докторанты
Қызметі: Астрофизикадағы деректерді талдау зертханасының кіші ғылыми қызметкері (ҚазҰУ)
Ғылыми қызығушылықтары: спектрлік сызықтарды модельдеу; гидродинамикалық модельдеу; SPH.
ORCID: 0009-0008-7289-1347
e-mail: agishev.pluto@gmail.com
=========================================================
"ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫ" ЗЕРТХАНАСЫ – 529-АУДИТОРИЯ
Зертхана меңгерушісі:
Агишев Алдияр Талгатович - PhD по "Физике и Астрономии",
Қызметі: ведущий научный сотрудник, и.о. доцента кафедры Электроники и астрофизики (КазНУ)
Ғылыми қызығушылықтары: администрирование компьютерного кластера, вычислительные мощности, SPH моделирование
ORCID: 0000-0001-9788-7485
scopus author: 57201661110
e-mail: aldiyar.agishev@gmail.com
Зерттеу тобы:
Хохлов Азамат Анатольевич, PhD "Физика және Астрономия"
Қызметі: постдокторант, аға оқытушы, Huawei HCIP-Datacom нұсқаушысы
Ғылыми қызығушылықтары: спектрлік талдау; энергияның спектрдегі таралуы ;B[e] жұлдыздар.
ORCID: 0000-0001-6987-9058
scopus author: 57945306100
e-mail: kh.azamat92@gmail.com
=========================================================
Шетелдік қызметкерлер:
Dr. Anatoly S. Miroshnichenko
Қызметі: Физика және астрономия профессоры, UNCG, АҚШ
Ғылыми қызығушылықтары: жұлдыздық астрофизика саласындағы
сарапшы, спектрлік деректерді модельдеу бойынша маман.
ORCID: 0000-0003-2526-2683
scopus author: 7003818343
e-mail: a_mirosh@uncg.edu
Dr. Sergey Zharikov
Қызметі: Investigador Titular "B" T.C., OAN IA UNAM, Мексика
Ғылыми қызығушылықтары: жұлдыздық астрофизика саласындағы сарапшы, жұлдыздық жүйелерді модельдеу және доплерлік томография бойынша маман.
ORCID: 0000-0002-3833-1038
scopus author: 7005549133
e-mail: zhar@astrosen.unam.mx
Мақалалар
2024:
- Nodyarov, A. S., Miroshnichenko, A. S., Khokhlov, S. A., Zharikov, S. V., Agishev, A. T., Gabitova, I. A., Vaidman, N. L., & Manset, N. (2024). Properties of Galactic B[e] Supergiants. X. Refined Orbit and Fundamental Parameters of the HD 327083 Binary System. The Astrophysical Journal, 968(2), 52. https://doi.org/10.3847/1538-4357/ad4a63
- Gabitova, I. A., Miroshnichenko, A. S., Zharikov, S. V., Amantayeva, A., & Khokhlov, S. A. (2024). Doppler Tomography of the Circumstellar Disk of the Be Star κ Draconis. Galaxies, 12(3), 23. https://doi.org/10.3390/galaxies12030023
- Miroshnichenko, A. S., Danford, S., Zharikov, S., Aarnio, A., Prendergast, P., Khokhlov, S. A., Gabitova, I. A., Amantayeva, A., Vaidman, N. L., Baktybayev, S. S., Andronov, I. L., Chinarova, L. L., & Usenko, I. A. (2024). A variety of binary targets for small telescopes. Contributions of the Astronomical Observatory Skalnate Pleso, 54(2), 47–57. https://doi.org/10.31577/caosp.2024.54.2.47
- Miroshnichenko, A. S., Chari, R., Danford, S., Prendergast, P., Aarnio, A. N., Andronov, I. L., Chinarova, L. L., Lytle, A., Amantayeva, A., Gabitova, I. A., Vaidman, N. L., Baktybayev, S. S., & Khokhlov, S. A. (2023). Searching for Phase-Locked Variations of the Emission-Line Profiles in Binary Be Stars. Galaxies, 11(4), 83. https://doi.org/10.3390/galaxies11040083